Бекзат Ахметпен кездесу



Ақсукент көпсалалы колледжінде Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында "Сыр тұнған Сайрам" кітабының авторы Бекзат Ахметпен кездесу болып өтті. Колледж студенттерімен өткен кездесуде жас қаламгер Сайрам жерінің  тарихын, ауданға қарасты елдімекен атауларына тоқталып, түсінік берді. Еркін пікір алмасу түрінде өткен шара  барысында жастар тарапынан сұрақтар қойылып,естеліктер айтылды. Қоғамдық сананы жаңғырту аясында ұйымдастырылған кездесудің мақсаты - жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, өлкеміздің рухани құндылықтарымен таныстыру, ізденімпаздыққа  баулу болатын.

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
12.01.2018-10:34:00