Мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер



ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылына келіп, Д.Қонаев атындағы колледжде ауыл тұрғындарының басын қосып жиын өткізді. Жиында халыққа көрсетіліп жатқан мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер жайы сөз болды. Департамент басшысы жиналғандарға электронды үкіметтің тиімділігін түсіндіріп, әрбір азаматтың үйден шықпай-ақ электронды үлгіде кез-келген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға мүмкіндіктің мол екенін айтты. Мәселен, бір ғана тұрғылықты жері бойынша анықтаманы осы тәсіл арқылы 2-3 минуттың ішінде алуға болатындығын, нәтижесінде уақыттың мейлінше үнемделетіндігі тілге тиек етілді. Шара барысында департамент тарапынан арнайы қазақ және орыс тілінде дайындалған видео ролик көрсетілді. Онда электронды үлгіде қызметті қалай алу керектігі нақты көрсетілген.


 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
09.01.2018-10:34:00