БІЛЕКТІЛЕР БӘСЕКЕСІ



Біз батыр бабаларымыздың ұрпағымыз. Бабаларымыз осындай байтақ елді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап қалған. Аттың үстінде жүрген батырларымыздың қолында қылышы, семсері болған. Қалқан ұстап жауға қарсы шапқан. Осының бәрі қолдың, білектің күші екені даусыз. Батырларымыздың білек күші майданда байқалса, бүгінгідей бейбіт күнде жастарымыздың білек күші жарыста сыналды. 
Бүгін (6-қаңтар) Қарабұлақ ауылында Сайрам ауданының 90 жылдығы қарсаңында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында және кәсіпқой боксшы Бабуржан Моминовтың жүлдесіне арналған қол күресінен (армрестлинг) жастар арасында аудан біріншілігі өтті.
Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау арқылы ел ертеңіне елеулі үлес қосатын дені сау ұрпақ тәрбиелеу, оларды патриоттық рухқа баулу, жастар арасында достық сезімін нығайту мақсатында ұйымдастырылған жарысты аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев арнайы ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жүзден аса жас спортшы 7 салмақ бойынша сынға түсіп, тартысты өткен бәсекеде жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздар арнайы грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.


 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
09.01.2018-10:34:00