Агроқұрылымдар назарына!


2017 жылғы 27 қаңтардағы ҚР АШМ-нің  №30 бұйрығына енгізілген толықтыруларға сүйене отырып, Сайрам ауданы көлемінде Асыл тұқымды мал шарушылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына бекіткен бұйрығына сәйкес 20-шы қаңтардан бастап субсидия құжаттарын қабылдаудың басталатынын жариялаймын.

1. Субсидиялауға жататын бағыттар

1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:

ірі қара малдың, қойлардың, маралдардың (бұғылардың) аналық басымен, сондай-ақ бал араның ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге кеткен шығындарды арзандату;

отандық және шетелдік шаруашылықтардан асыл тұқымды ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы, шошқа, түйе, марал (бұғы) төлін сатып алуға кеткен шығындарды арзандату;

отандық және шетелдік шаруашылықтардан ет және жұмыртқа бағытындағы құстардың ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын сатып алуға кеткен шығындарды арзандату;  

жеке және заңды тұлғалардың табынның өсімін молайтуға пайдаланылатын етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағуға кеткен шығындарын арзандату;

мыналардың:

дистрибьютерлік орталықтардың (бұдан әрі – дистрибьютерлік орталық) асыл тұқымды жануарлардың ұрықтарын өткізу жөніндегі шығындарын;

асыл тұқымдық орталықтардың (бұдан әрі – жеткізушілер) жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шығындарын 100 %-ға дейін өтеу.

дистрибьютерлік орталықтар мен асыл тұқымдық орталықтардың ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын сақтау және қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға кеткен шығындарын 50 %-ға дейін өтеу;

2) мал шаруашылығы өнiмдiлiгi мен өнiм сапасын арттыруға:

бұқашықтарды бордақылау, қозы етін, шошқа етiн, жылқы етiн, түйе етін, құс етiн (бройлер, күрке тауық, суда жүзетін құс етін), тағамдық жұмыртқа (тауық және бөдене жұмыртқасы), сүт (сиыр, бие, түйе, ешкі сүті), биязы жүнді және жартылай биязы жүнді өндіру құнын арзандату;

құрама жем өндіретін зауыттар өндірген және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне сатылған құрама жем құнын арзандату;

ауыл шаруашылығы жануарларының азығына кеткен шығындар құнының 50 %-ға дейінгі мөлшерін өтеу.

Субсидия құжаттарын қабылдау 2018 жылдың 20-шы қаңтардан бастап 2018 жылдың 20-шы желтоқсанына дейін жалғасады.

Қосымша ақпаратты Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінен  (Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы       2-этаж, 6-кабинет, сымтетігі 20-357) алуға болатынын назарларыңызға жеткіземін.

 

Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы                                  Н.Көпеев

 

Орындаған: М.Бухарбаев

Тел: 20-357


 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
08.01.2018-10:34:00