Ханқорған Абылай хан атбасын тіреген жер

 

 



Ауданымыздағы Ханқорған қалашығы алдағы уақытта толық археологиялық қазба, реставрация және консервация жұмыстары жүргізіліп, ашық аспан астындағы мұражайға айналатын болады.

2017 жылдың 11 қазан күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы бойынша археологиялық тарихи орындарды дамытуды нақтылап, пысықтап алу мақсатында Сайрам ауданындағы Ханқорған қалашығында Оңтүстіктегі археологиялық тарихи ескерткіштерді қалпына келтіруді жоспарлау жұмыстары жүргізілді.  Аталған жиынға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысты.

Оңтүстік өңірде еліміздің тарихы мен мәдениеті үшін айрықша маңызы бар сәулет және археология ескерткіштерінің үлкен шоғыры орналасқан. Соның бірі ауданымызда орналасқан «Ханқорған» төбесі.


  


  


  


 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
16.10.2017-10:34:00