МІНДЕТТЕРДІ ҮЙЛЕСТІРУ ТУРАЛЫ

 

Аудан әкімі, оның орынбасарлары
және аудан әкімі аппаратының
басшысы арасындағы
міндеттерді бөлу туралы

 

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес:

1. Аудан әкімі, оның орынбасарлары және аудан әкімі аппаратының басшысы арасындағы  міндеттерді бөлу бекітілсін.

2. Аудан әкімінің 2017 жылғы 16 қаңтардағы «Аудан әкімі, оның орынбасарлары және аудан әкімі аппараты басшысының арасындағы міндеттерді бөлу туралы» №21 өкімінің қолданылуы жойылды деп есептелсін.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Тұрғынбековке жүктелсін.

               Аудан әкімі                                                      Б.Мамаев

Б.Тұрғынбеков
А.Бейсеев
Ғ.Айтқұлов
А.Тасмурзаева

 

Сайрам ауданы әкімінің 2017 жылғы
«          »                        №               өкіміне қосымша

 

Аудан әкімі, оның орынбасарлары және аудан әкімі аппараты
басшысының арасындағы міндеттерді
БӨЛУ

Аудан әкімі  Б.Мамаев

            Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі Жарлықтары, өзге де нормативтік кесімдер арқылы  белгіленген өкілеттіктері мен құзыретіне сәйкес аудан аумағында атқарушы билікті іске асырады.

Әкім Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен өкімдерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен Үкіметі  актілерінің сөзсіз орындалуын, өңірлік  мүдделердің жалпы мемлекеттік  мүдделермен дұрыс үйлесуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда ауданның  мүдделерін білдіреді.

Ауданның жергілікті атқарушы органының басшысы ретінде Сайрам ауданының әкімі ауданның өкілді органның қарауына заңдардың сақталуын және Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің облыс әкімі  актілерінің орындалуын, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық  актілерді енгізеді.

Сайрам ауданының әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудандағы атқарушы органдар жүйесін қалыптастыруды іске асырады, кадрлық саясат, жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы  және жұмылдыру мәселелерін қарайды, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасы министрліктері мен ведомстволарының аумақтық органдарымен өзара іс-қимыл жүргізеді.

Аудан әкімі бюджеттік саясат және бюджетаралық қатынастар саласында жалпы басшылықты қамтамасыз етеді, салық және бюджеттік  әкімшілік жүргізу, қаржылық және экономикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша аумақтық органдарды  үйлестіруді және олармен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастырады.

Сайрам ауданының әкімі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді, аудандық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және босатады. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Сайрам аудандық бөлімімен, аудандық прокуратурамен, аудандық сотпен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот жанындағы Сот әкімшілік жүргізу жөніндегі комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша соттар әкімшісінің Сайрам аудандық сот орындаушылар бөлімшесімен, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Сайрам аймағы бойынша басқармасымен, аудандық ішкі істер басқармасымен, аудандық ішкі істер басқармасының жергілікті полициясымен өзара іс-қимыл жасайды.

            Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа, қылмысқа қарсы күрес саласындағы жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады. Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері  жөніндегі комиссияны басқарады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы күрес туралы» комиссияның жұмысына басшылық жасайды.

Аудан әкімі болмаған жағдайда оның өкілеттіктерін осы өкімде белгіленген тәртіпте аудан әкімі орынбасарларының бірі жүзеге асырады.

Аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев

            Мына салалардағы мәселелерге қарайды және осы салаларда қабылданатын аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімі шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының іске асуын қамтамасыз етеді.

Салық және бюджет саясатын жүргізеді, аудандық бюджетті сапалы жоспарлау және орындау мәселелері бойынша талдау жүргізеді. Аудандық бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің атқарылуына, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды ұстауға бағытталатын қаржы  ресурстарының мақсатты бөлінуіне бақылау  жасайды. Ауданның даму бағдарламаларын, қаржы-несие қатынастарын қаржыландыру мәселелерімен айналысады. Аудандық  коммуналдық  меншікті басқарады. Табиғи монополиялар қызметін реттеу және бәсекелестікті қорғау мәселелері, экономикалық реформаларға басшылық жасау, қаржыландыру, баға, кредит беру, есептік тәртіп, мемлекеттік сатып алу, ақша айналымы, бағалы қағаздар рыногын қалыптастыру жөнінен ағымдағы және индикативтік жоспарлар мен болжамдар әзірлейді. Жергілікті бюджет, бюджеттен тыс және басқа да қорлар қаржысының жиналуы мен жасалуына талдау жасайды және бақылайды. Бюджеттік қаржы саясатын жүзеге асыру және аудан көлемінде өзі жетекшілік ететін салалар бойынша қабылданған аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияны басқарады және комиссия жұмысын жүргізеді.

            Білім саласында «Балапан» бағдарламасының орындалуы мен аталған бағдарламасын іске асыру, «Сайрам ауданында халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі бағдарламасының» жүзеге асырылуын ұйымдастырады. 

Мына төмендегі бөлімдердің қызметіне басшылық жасайды:

  • Экономика және қаржы бөлімі;
  • Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
  • Білім беру бөлімі
  • Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі;
  • Ішкі саясат бөлімі.

            Сонымен қатар, қазынашылық, статистика басқармаларының, банктердің, қаржы саласы бойынша жылжымайтын мүліктерді тіркеу және салық басқармасының, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің, ауданда орналасқан жоғары және орта арнаулы білім беру мекемелерімен қарым-қатынаста жұмыс жүргізеді. «Жұмыспен қамту орталығы», мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарын, қоғамдық бірлестіктердің,  діни конфессиялардың, шығармашылық одақтардың, ұлттық-мәдени орталықтардың, ардагерлер және кәсіподақтар ұйымдарының қызметіне жетекшілік жасап, жұмыстарды ұйымдастырады.

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту мәселелерімен айналысады. Еңбекті қорғау инспекторымен қарым-қатынаста жұмыс жүргізеді. Денсаулық сақтау мекемелерінің, тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасының жұмыстарын үйлестіреді және олармен өзара іс-қимыл жасайды. Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау өңірлік қорымен өзара іс-қимыл жасайды.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау бойынша әкімдіктің және аудан әкімдігіне ведомстволық бағыныстағы барлық мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастырады. Мемлекеттік органдардың қоғамдық-саяси іс-шараларын дайындау мен өткізу жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.      

«Сайрам ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу», «Құқық бұзушылықтардың, террористік актінің алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің аймақтық бағдарламасын» және «Сайрам ауданындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес ведомствоаралық штаб жұмысының» жүзеге асырылуын ұйымдастырады және тиісті бөлімдер тарапынан орындалуын қадағалайды.

            Ауданда өткізілетін мәдени іс-шаралардың өткізілуін ұйымдастырады,  жетекшілік жасайды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында жастармен жұмыс жүргізеді. Тілдерді дамыту, ономастика мәселелері бойынша жұмысшы топты басқарады.

            Мына төмендегі жұмысшы топ, кеңес және комиссия жұмыстарын үйлестіреді басшылық жасайды:

  • Аудандық «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысшы тобы;
  • «Ономастика нысандарының тарихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды зерделеу мен талдау жұмысшы тобы»;
  • «Қылмыстық жазаны және қылмыстық құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік кеңесі»;
  • «Аудан әкімдігі жанындағы жастармен жұмыс жүргізу кеңесі»;
  • «Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен жұмыс жүргізу кеңесі»;
  • «Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жүргізу кеңесі»;
  • «Аудан әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі»;
  • «Сайрам ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы комиссиясы;
  • Аудандық бюджеттік комиссиясы;
  • Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссиясы;
  • «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссиясы»;
  • «Сайрам ауданының әкімі кәсіподақтардың бірлестіктері мен жұмыс берушілердің аудандық одағы арасындағы әлеуметтік әріптестік бойынша үш жақты комиссиясы»;
  • «Гендерлік саясат жөніндегі аудандық комиссиясы»;
  • Сайрам ауданы аумағында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының желісін дамыту және мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыру мүмкіншіліктерін анықтау комиссиясы;
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» жөніндегі комиссиясы;
  • Аудандық әскер қатарына шақырушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі комиссиясы;
  • Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясы.

Аудан әкімінің орынбасары   Б.Олжаев

            Мына салалардағы мәселелерге қарайды және осы салаларда қабылданатын аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімі шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының іске асуын қамтамасыз етеді:

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің талаптарына сәйкес аудан әкімдігінің құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді ұйымдастырады. Аудандық жер қатынастары жөніндегі комиссияның жұмысына басшылық жасайды.           

            Ауылдық аумақтарды және ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін суармалы сумен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сату, ауылды жерлерде реформаларды тереңдету, ауыл шаруашылығы құрылымдарын қаржылық сауықтыру, шаруа (фермер) қожалықтарын маркетингтік және ветеринариялық қызметтерді, машина- технологиялық станцияларды, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің ассоциациялары мен одақтарын жұмысын жөнге қоюды ұйымдастырады.

            Ауылшаруашылық саласындағы берілетін субсидиялардың заң талаптарына сәйкес берілу жұмыстарына басшылық жасайды.

            Агроөнеркәсіп кешені және халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, қызмет көрсету, ауылдық жерлерде реформаларды тереңдету жұмыстарын ұйымдастырады.

            Ветеринариялық іс-шаралардың тиісті деңгейде және уақытылы орындалуын қадағалайды.                            

Аумақтық ауылшаруашылық инспекциясының, жер кадастар, ауданаралық эколологиялық инспекциясы, ветеринария саласы бойынша кәсіпорындардың, табиғат қорғау жөніндегі қызметтердің жұмыстарын үйлестіреді, «Ақсу» су шаруашылығы мекемесі, «Сайрам аудандық ветеринарлық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметін үйлестіреді және олармен өзара іс-қимыл жасайды.

 Дене шынықтыру, спорт, туризм салаларын дамыту бағытында іс-шаралар қабылдайды және оның жүзеге асуын қадағалайды. Салауатты өмір салтын қалыптастыруды үйлестіруді жүзеге асырады.

             Аудан көлемінде мемлекеттік өнеркәсіптік саясатты іске асыру, азық-түлік көтерме  сауда базарларын  дамыту мен  жөнге келтіру, «Сайрам ауданында туризмді дамыту бағдарламасының» жүзеге асырылуын ұйымдастырады.

«Сайрам ауданында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың өңірлік бағдарламасының» тиісті бөлімдер тарапынан орындалуын және жүзеге асуына бақылау жасайды.

Мына төмендегі бөлімдердің қызметіне басшылық жасайды:

  • Дене шынықтыру және спорт бөлімі;
  • Кәсіпкерлік бөлімі;
  • Ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі;
  • Ветеринария бөлімі;

            Сонымен қатар, аудандағы кәсіпкерлікті қолдау орталығы, шағын кәсіпкерлерді қолдау қорлары қызметін үйлестіреді.

            Мына төмендегі жұмысшы топ, кеңестер мен комиссия жұмыстарын үйлестіреді немесе басшылық жасайды:

  • «Сайрам ауданы көлеміндегі заңсыз жер қойнауын пайдалануды анықтау және оларға зерттеу жүргізу жұмысшы тобы»;
  • «Ұлттық валюта бағамының төмендеуіне байланысты әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсіп кетпеуіне жол бермеу бойынша шараларды қамтамасыз ету жұмысшы тобы»;
  • «Ретсіз орналасқан сауда орындарын жою жөніндегі жұмысшы тобы»;
  • Аудандық тұрақты жер комиссиясы;
  • Аудан аумағында «Эпизотия», «Энзотия» ауруларына қарсы іс-шаралардың атқарылуын бақылау жасайды.

Аудан әкімінің орынбасары  Е.Шәріпбеков

            Мына салалардағы мәселелерге қарайды және осы салаларда қабылданатын аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімі шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының іске асуын қамтамасыз етеді.

            Көлік, автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және коммуналдық шаруашылық, байланыс және  телекоммуникациялар, жылу және энергетика саласы, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын реабилитациялау және реконструкциялау, жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлардың алдын-алу мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді. Елді - мекендерді көріктендіру-көгалдандыру, санитарлық тазалығын сақтау, табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жұмыстардың,            тұрғын үй құрылысын ипотекалық несиелендіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады. Мемлекеттік тұрғын үй саясатын жүзеге асыру және дамыту мәселелерімен айналысады. Мемлекеттік тұрғын үй қорын ұстау мен пайдалану практикасын жақсартуды қамтамасыз етеді. Бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын құрылыс салуды бақылайды.

            Қазақстан Республикасының «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдары талаптарының орындалуын үйлестіреді. Бас жоспарды іске асыру және инфроқұрылым нысандарын дамыту мәселелерімен айналысады.

            «Сайрам ауданының елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі «Ақбұлақ» таза су бағдарламасы» жүзеге асырылуын ұйымдастырады және тиісті бөлімдер тарапынан орындалуын қадағалайды.

            Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының стратегиясы негізінде жұмыстарды ұйымдастыру, «Сайрам ауданының тұрғын үй-құрылысын дамытудың бағдарламасы» тиісті бөлімдер тарапынан орындалуын және жүзеге асуына бақылау жасайды.

Мына төмендегі бөлімдердің қызметіне басшылық жасайды:

  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі;
  • Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
  • Құрылыс бөлімі;
  • Сәулет және қала құрылысы бөлімі.

            Сонымен қатар, әділет басқармасының, Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыстарын үйлестіреді және олармен өзара іс-қимыл жасайды. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің аудандағы өкілімен жұмыстарды үйлестіреді және олармен өзара іс-қимыл жасайды. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының, аудандық телекоммуникация, пошта мекемелерінің, электр жүйелері, газ тарату, ауыз сумен қамтамасыз ету мекемелерінің, «Сайрам тазалық» ЖШС-гі жұмыстарын үйлестіреді.

            Мына төмендегі жұмысшы топ, кеңестер мен комиссия жұмыстарын үйлестіреді немесе басшылық жасайды:

  • Аудан аумағындағы обьектілердің қысқы маусымға  дайындық жұмыстары бойынша штаб жұмысы;
  • Аудан көлемінде құрылысы аяқталған обьектілердің мемлекеттік қабылдау комиссиясы;
  • Аудандық тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды анықтау комиссиясы жұмыстарын үйлестіреді.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Тұрғынбеков

Бекітілген регламентке және ережелерге сәйкес аудан әкімі аппараты бөлімдері мен қызметтерінің жұмысын және әрекет етуін үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіруді жүзеге асырады.

Құжаттамамен қамтамасыз етуді жетілдіру, құжаттардың орындалуын бақылау мен тексеру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, әкімдіктің және аудан әкімінің қатысуымен өткізілетін мәжілістерін дайындауға, аудан әкімінің хаттамалық шешімдері мен тапсырмаларының уақтылы орындалуына бақылау жасайды.

Іс жүргізуді ұйымдастыруды және құпия құжаттармен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді, жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік актілерді іске асыру жөнінде атқарушы органдар жүйесіндегі өзара іс-қимыл тәжірибесін жақсарту туралы ұсыныстар енгізеді.

Азаматтардың хаттары мен өзге де өтініштерінің мерзімінде қаралуын, жоғары тұрған атқарушы органдар тапсырмаларының орындалуын қадағалайды.

Өз құзыреті шегінде аудан әкімі аппаратының өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, аудандық маслихатпен және Сайрам ауданының ауыл округтері әкімдерімен, аудандық мұрағатпен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

Аудан әкімі аппараты мен бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қызметін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарға қол қою құқығына ие.

            Аудан әкімі аппаратының және аудан әкімі аппараты арқылы қаржыландырылатын аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің техникалық қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, еңбек демалысын беру және басқа да мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және оған қол қояды.          

            Мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарының сақталуын бақылайды.        

  • Мына төмендегі құрылымдардың қызметіне басшылық жасайды:  

           -     Аудан әкімінің аппараты; 

  • Ауылдық округтерінің әкімдері;

                Сондай – ақ:

  • Аудандық маслихатпен байланыс;
  • Халыққа қызмет көрсету орталығы;
  • Аудандық мұрағатпен жұмыстарды үйлестіреді.
  1. М.Оразалиевты Б.Олжаев алмастырады, Б.Олжаев жұмыста болмаған жағдайда  Е.Шарипбеков алмастырады.
  2. Б.Олжаевты М.Оразалиев алмастырады, М.Оразалиев жұмыста болмаған жағдайда  Е.Шарипбеков алмастырады
  3. Е.Шәріпбековті Б.Олжаев алмастырады, Б.Олжаев жұмыста болмаған жағдайда М.Оразалиев алмастырады.
  4. Аппарат басшысы Б.Тұрғынбековты аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев алмастырады. М.Оразалиев жұмыста болмаған жағдайда Б.Олжаев алмастырады
Аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы Аты жөні

Жетекшілік ететін бөлімдер

Бөлім басшыларының аты жөні

Үйлестіретін қызметтер атауы

Оразалиев Мадияр Мұхтарұлы

Экономика және қаржы бөлімі

Айтекеева Алтынай Қалдарқызы

Аудандық мемлекеттік кірістер, қазынашылық, статистика басқармаларының, банктер, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім, ауданда орналасқан жоғары және орта арнаулы білім беру мекемелері, «Жұмыспен қамту орталығы», мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарын, қоғамдық бірлестіктердің,  діни конфессиялардың, шығармашылық одақтардың, ұлттық-мәдени орталықтардың, ардагерлер және кәсіподақтар ұйымдарының қызметін үйлестіру.

Сайрам аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы,  еңбекті қорғау инспекторымен қарым-қатынаста жұмыс жүргізеді. Денсаулық сақтау мекемелерінің  жұмыстарын үйлестіреді және олармен өзара іс-қимыл жасайды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Серікбаев Батырбек Қадырбекұлы

Білім беру бөлімі

Қолдасова Оразкуль Шайхиқызы

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Темірбаев Сейдуалы

Ішкі саясат бөлімі

Жақыпбеков Ақылбай Жүсіпбекұлы

Олжаев Бахадыр Әбдіғаниұлы

Дене шынықтыру және спорт бөлімі

 

Асқаров Бауыржан Өміртайұлы

ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекциясының аудандық бөлімі, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау аудандық бөлімі, «Азаматтарға арналған үкімет МК» коммерциялық емес АҚ жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру бөлімі, ветеринария саласы бойынша кәсіпорындардың, табиғат қорғау жөніндегі қызметтердің жұмыстарын үйлестіреді. «Кәсіпкерлікті қолдау орталығы», «Спорт мектептері» «Ақсу» су шаруашылығы мекемесі, «Сайрам аудандық ветеринарлық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметін үйлестіреді және олармен өзара іс-қимыл жасайды.

Кәсіпкерлік бөлімі

Убайдуллаев Шухратулла Азатуллаұлы

Ауылшаруашылығы бөлімі

Көпеев Нұрпапа Оспанұлы

Жер қатынастары бөлімі

Әлібек Жантөре Абылайұлы

Ветеринария бөлімі

 

Есполай Рысқұл Оспанұлы

Шәріпбеков Ержігіт Шәріпбекұлы

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі;

Сарыбеков Ербол Өмірбекұлы

Аудандық әділет басқармасының, Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыстарын үйлестіреді және олармен өзара іс-қимыл жасайды. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің аудандағы өкілімен жұмыстарды үйлестіреді және олармен өзара іс-қимыл жасайды. Сайрам аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, аудандық телекоммуникация, пошта мекемелерінің, электр жүйелері, газ тарату, ауыз сумен қамтамасыз ету мекемелерінің, «Сайрам тазалық» ЖШС-гі жұмыстарын үйлестіреді.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Бейсембаев Бамырза Омарбекұлы

Құрылыс бөлімі;

Сербаев Үсен Бердалыұлы

Сәулет және қала құрылысы бөлімі.

Моминжанов Бахромжан Махкамжанұлы

Тұрғынбеков Берік Елтайұлы

Аудан әкімінің аппараты

Аудан әкімі аппараты бөлім басшылары

Аудандық маслихатпен байланыс, Халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық мұрағатпен жұмыстарды үйлестіреді

Ауылдық округтерінің әкімдері

Ауылдық округтерінің әкімдері

Аудан әкімі орынбасарлары мен аппарат басшысының жетекшілік ететін салалары

Аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы Аты жөні

Жетекшілік ететін бөлімдер

Үйлестіретін мекеме-ұйымдар

1

Оразалиев Мадияр Мұхтарұлы

Экономика және қаржы бөлімі

Мемлекеттік кірістер, қазынашылық, статистика, қоғамдық денсаулық сақтау басқармалары, банктер, қорғаныс істері жөніндегі бөлім

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жұмыспен қамту орталығы, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы

Білім беру бөлімі

Жоғары және орта арнаулы білім беру мекемелері, мектепке дейінгі мекемелер

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Ұлттық мәдени орталықтар, кітапханалар, клубтар

Ішкі саясат бөлімі

Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, Үкіметтік емес ұйымдар, ардагерлер кеңесі, кәсіподақтар, жастар орталығы, БАҚ

2

Олжаев Бахадыр Әбдіғаниұлы

Дене шынықтыру және спорт бөлімі

Спорт мектептері, спорттық алаңдар

Кәсіпкерлік бөлімі

Кәсіпкерлікті қолдау орталығы, шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры

Ауылшаруашылығы бөлімі

«Ақсу» су шаруашылығы, экология инспекциясы, ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекциясының аудандық бөлімі

Жер қатынастары бөлімі

«Азаматтарға арналған үкімет МК» коммерциялық емес АҚ жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру бөлімі

Ветеринария бөлімі

ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау аудандық бөлімі, «Сайрам аудандық ветеринарлық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

3

Шәріпбеков Ержігіт Шәріпбекұлы

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі;

Қазпошта, қазақтелеком, газ тарату, су, электр жүйелері, «Сайрам тазалық» ЖШС,

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Төтенше жағдайлар бөлімі, өрт сөндіру қызметі

Құрылыс бөлімі;

Әділет басқармасы

Сәулет және қала құрылысы бөлімі.

ГАСК

4

Тұрғынбеков Берік Елтайұлы

Аудан әкімінің аппараты

Аудандық мәслихат, аудандық мұрағат

 

 

Ауылдық округтерінің әкімдері

ХҚКО


 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
11.12.2015 - 09:56:54
ЖАҢАРТЫЛҒАНЫ: 
15.09.2017 - 09:56:54