ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ ӘДЕПТІЛІК НОРМАЛАРЫН ЖӘНЕ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫН ОДАН ӘРІ ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР ТУРАЛЫ


Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы.

"Егемен Қазақстан" 31.12.2015 ж., № 250 (28728); "Казахстанская правда" от 31.12.2015 г., № 250 (28126); Қазақстан РеспубликасыныңПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 75-76, 552-құжат. Басуға қол қойылған күні 15.02.2016 ж.; ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 19.02.2016 ж.


      Мемлекеттiк қызметшiлердiңморальдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерініңәдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердіңқызметтік әдеп қағидалары);
      2) Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентініңкейбір жарлықтарыныңкүші жойылды деп танылсын.
      3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

 

Президенті

Н.Назарбаев

      

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерініңәдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердіңқызметтік әдеп қағидалары)
1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердіңморальдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.
      Қоғам мемлекеттік қызметші өзініңбарлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзініңОтаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.
      Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан РеспубликасыныңТұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыңсаясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс.
      Ескерту. 1-тармақтыңорыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді – ҚР Президентінің05.05.2017 № 471 Жарлығымен.
      2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерініңосы әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердіңқызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі – Кодекс) Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясына, "Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасыныңзаңдарына, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердіңморальдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардыңмінез-құлқыныңнегізгі стандарттарын белгілейді.
      Кодекс халықтыңмемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастыңжоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердіңәдепсіз мінез-құлық жағдайларыныңалдын алуға бағытталған.
      3. Мемлекеттік органдардыңбасшылары, орталық атқарушы органдарда – орталық атқарушы органдардыңжауапты хатшылары немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органдардыңжауапты хатшыларыныңөкілеттіктері жүктелген лауазымды адамдар, ал орталық атқарушы органдардыңжауапты хатшылары немесе аталған лауазымды адамдар болмаған жағдайда – орталық атқарушы органдардыңбасшылары осы Кодекс талаптарыныңорындалуын, осы Кодекстіңмәтінін мемлекеттік органдардыңғимараттарында баршаға көрінетіндей жерде орналастыруды қамтамасыз етеді.
      4. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке тұрғаннан кейін үш күн мерзімде осы Кодекстіңмәтінімен жазбаша нысанда таныстырылуға тиіс.

2. Мінез-құлықтыңжалпы стандарттары

      5. Мемлекеттік қызметшілер:
      1) Қазақстан халқыныңбірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқыныңсалт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
      2) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
      3) өздері қабылдайтын шешімдердіңзаңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;
      4) жеке және заңды тұлғалардыңқұқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудыңашықтығын қамтамасыз етуге;
      5) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардыңжұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
      6) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзініңкәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасыныңзаңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
      7) өзініңіс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзініңқызметін жақсарту үшін пайдалануға;
      8) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардыңқызметіне ықпал ету үшін өзініңқызметтік жағдайын пайдаланбауға;
      9) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;
      10) мемлекеттік меншіктіңсақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға;
      11) қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзініңқызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;
      12) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердіңтұтынушысы ретінде толығымен халықтыңсұранысына бағдар ұстануға;
      13) жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;
      10) іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс.
      Мемлекеттік қызметшілердіңсырт келбеті олардыңқызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттыңбеделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.
      6. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардыңмүдделеріне, оныңішінде өзініңоларға көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс.
      Мемлекеттік қызметшілер, оныңішінде басшы лауазымдарды атқаратындар, ұжымда өз діни көзқарасын ашық көрсете алмайды, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардыңқызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды.

3. Қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары

      7. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта:
      1) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оныңішінде қоғамдық орындарда адамныңқадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаңкүйде болу жағдайларына жол бермеуге;
      2) қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзініңлауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;
      3) өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.

4. Қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары

      8. Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде:
      1) ұжымда іскерлік және тілектестік өзара қарым-қатынасты әрі сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге;
      2) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудыңжолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдауға;
      3) ұжымда әріптестерініңар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға;
      4) әріптестерініңөз лауазымдық міндеттерін орындауына кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге міндетті.
      9. Басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде:
      1) өзініңмінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаныңар-намысы мен абыройына құрметпен қараудыңүлгісі болуға;
      2) меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге;
      3) олардыңқызметініңнәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік танытуға;
      4) еңбекті, денсаулықты қорғауға, тиімді қызмет ету үшін қауіпсіз және қажетті жағдайларды жасауға, сондай-ақ қызметшілердіңар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктіңжәне қол сұғушылықтыңкез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған шараларды қабылдауға;
      5) қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде олардыңқызметіне ықпал етуге өзініңқызметтік дәрежесін пайдаланбауға;
      6) құқыққа қарсы қылықтарды, сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына жат қылықтарды жасауға мәжбүрлемеуге;
      7) оларға қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге тиіс.
      10. Төмен тұрған лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер:
      1) басшылардыңтапсырмаларын орындау кезінде тек объективті және шынайы мәліметтерді ұсынуға;
      2) өздеріне мәлім болған қызметтік әдеп нормаларыныңбұзу жағдайлары және мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар туралы басшылыққа және әдеп жөніндегі уәкілге дереу хабарлауға;
      3) басшыныңзаңды тапсырмаларын орындауға кедергі келтіретін әрекеттерді (әрекетсіздікті) болдырмауға;
      4) басшылыққа қатысты жеке берілгендікке, олардыңқызметтік мүмкіндіктері есебінен пайда және артықшылықтар алуға ұмтылуға жол бермеуге тиіс.

5. Көпшілік алдында, оныңішінде бұқаралық ақпарат құралдарында
сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары

      11. Мемлекеттік орган қызметініңмәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оныңбасшысы немесе мемлекеттік органныңбұған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары жүзеге асырады.
      Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтіңбеделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты сыпайы нысанда жүргізуге тиіс.
      12. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметі мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:
      1) мемлекет саясатыныңнегізгі бағыттарына сәйкес келмесе;
      2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса;
      3) мемлекеттіңлауазымды адамдарының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердіңатына әдепке жат сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруіне болмайды.
      13. Мемлекеттік саясатты жүргізумен, мемлекеттік органныңжәне мемлекеттік қызметшілердіңқызметімен байланысты емес мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілердіңмемлекеттік органныңатынан жарияланымдарына жол берілмейді. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдар жариялауды мемлекеттік қызметші жеке тұлға ретінде тек өз атынан жүзеге асыра алады.
      14. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық көріністерін жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптау анықталған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН

Әдеп жөніндегі уәкіл туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларыныңсақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерініңәдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бұзушылықтардыңпрофилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.
      2. Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде "Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасыныңзаңдарын, Әдеп кодексін, осы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасыныңөзге де заңнамалық актілерін басшылыққа алады.
      Әдеп жөніндегі уәкілдіңдербес лауазымы аумақтық бөлімшелері немесе ведомстволарыныңаумақтық бөлімшелері, шет елдегі мекемелері бар орталық мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан РеспубликасыныңҚорғаныс министрлігін қоспағанда), сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана әкімдерініңаппараттарында енгізіледі.
      Аумақтық бөлімшелері немесе ведомстволарыныңаумақтық бөлімшелері жоқ мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан РеспубликасыныңҚорғаныс министрлігін қоспағанда), орталық мемлекеттік органдардыңведомстволарында және аумақтық бөлімшелерінде, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарыныңаумақтық бөлімшелерінде, шет елдегі мекемелерде, тексеру комиссияларында, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар әкімдерініңаппараттарында әдеп жөніндегі уәкілдіңфункциялары осы мемлекеттік органдардыңқызметшілеріне жүктеледі.
      Әдеп жөніндегі уәкілдіңфункциялары басшылық қызмет атқаратын, сондай-ақ ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің01.06.2017 № 487 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. Әдеп жөніндегі уәкілдіңдербес лауазымын атқаратын адам осы мемлекеттік органдардыңқұрылымына кіретін ведомстволардыңжәне аумақтық бөлімшелердің, шет елдегі мекемелердің, аудан деңгейіндегі жергілікті атқарушы органдардыңәдеп жөніндегі уәкілдеріне әдіснамалық басшылық жасауды үйлестіреді және жүзеге асырады әрі орталық атқарушы органныңжауапты хатшысына бағынады, ал жауапты хатшы немесе көрсетілген лауазымды адамдар болмаған жағдайда – мемлекеттік органныңаппарат басшысына не қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға құқығы бар адамға бағынады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің01.06.2017 № 487 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Әдеп жөніндегі уәкілдіңнегізгі функциялары

      4. Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасыныңжәне Әдеп кодексініңталаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
      2) мемлекеттік қызметшілердіңзаңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді;
      3) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығыныңтапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердіңқызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардыңөтініштерін қарайды;
      4) ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
      5) мемлекеттік қызметшілердіңқұқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;
      6) мемлекеттік қызметшілердіңқызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады;
      7) мемлекеттік органдардыңқұрылымдық бөлімшелері басшыларыныңқызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша тиісті шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттік органныңбасшылығына хабарлайды;
      8) мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттік органныңбасшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді;
      9) Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтіңоңбейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
      10) Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді;
      11) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердіңжауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгінеді;
      12) қызметтік әдеп нормаларын бұзудыңпрофилактикасы мақсатында өзге де қызметті ұйымдастырады.
      5. Әдеп жөніндегі уәкіл өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін:
      1) Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдауға қажетті мәліметтер мен құжаттарды сұратады және алады;
      2) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органныңатынан Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының, сондай-ақ Әдеп кодексініңнормаларын түсіндіру үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) заңнамада белгіленген тәртіппен жүгінеді;
      3) мемлекеттік органныңбасшысына мемлекеттік органныңоңимиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан адамдарды көтермелеу туралы ұсыным енгізеді;
      4) қажет болған жағдайда өзініңқұзыретіне қатысты мәселелерді қарау кезінде кадр қызметінен мемлекеттік қызмет өткеру мәселелеріне қатысты мемлекеттік қызметшілердіңжеке істерін, өзге де материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға құқылы.
      6. Негізсіз бас тартылғанда, мемлекеттік органныңбасшысы тиісті шаралар қолданбағанда не ол әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген функцияларды орындауға кедергі келтіретін әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағанда, әдеп жөніндегі уәкіл бұл туралы уәкілетті органға не оныңаумақтық бөлімшесіне хабарлайды.
      Уәкілетті орган не оныңаумақтық бөлімшесі мұндай хабарлама келіп түскен кезде Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген тиісті шараларды қолданады.

3. Әдеп жөніндегі уәкілдіңқызметін ұйымдастыру

      7. Мемлекеттік орган басшыларыныңбейтараптығы негізді күмән тудыратын, лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауға әкеп соғатын мән-жайлар (мүдделер қақтығысы) болған кезде әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін дербес негізде жүзеге асырады.
      8. Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметініңнәтижесі бойынша уәкілетті органға есеп береді. Есеп беру нысанын және мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.
      9. Әдеп жөніндегі уәкіл өзініңфункцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды олардыңөтініші бойынша немесе баршаға көрінетіндей жерде орналастырылған кестеге сәйкес айына кемінде бір рет қабылдауды жүзеге асырады.
      Қажет болған жағдайда, азаматпен немесе мемлекеттік қызметшімен әңгімелесу телефон арқылы не тиісті ақпарат беруді қамтамасыз ететін басқа да коммуникациялар құралдарын пайдаланумен жүргізілуі мүмкін.
      Әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтер, оныңішінде тегі, аты-жөні, фотосуреті, кабинет және телефон нөмірлері заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органныңинтернет-ресурсында және мемлекеттік органныңғимаратында баршаға көрінетіндей жерде орналастырылады.
      10. Қызметтік әдеп нормаларыныңсақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдыңжай-күйін мониторингтеу мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл кемінде жарты жылда бір рет уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анонимді сауалнама жүргізіледі.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығына ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентініңкүші жойылған кейбір жарлықтарының
ТІЗБЕСІ

      1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiңар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы (Қазақстан РеспубликасыныңПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 19, 225-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Президентініңжарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің2007 жылғы 27 қарашадағы № 446 Жарлығы (Қазақстан РеспубликасыныңПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 499-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің2011 жылғы 1 сәуірдегі № 1180 Жарлығы (Қазақстан РеспубликасыныңПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 30, 365-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерініңар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығы (Қазақстан РеспубликасыныңПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 58, 786-құжат).