Хабарландыру! Агроқұрылымдар назарына!



Хабарландыру!

Агроқұрылымдар назарына!

Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің   2017     жылғы   13   ақпанындағы    №65   бұйрығына,   ОҚО   әкімдігінің

14 тамыз 2017 жылғы №233 қаулысына сәйкес, «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербициттердің, биогенттердің (этномофоггаттың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары» бойынша субсидия алуға агроқұрылымдардан құжаттар қабылдайды.

Құжаттар ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінен – 10 желтоқсанға дейін, Сайрам ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінде (кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы) жұмыс күндері 9:00-19:00 аралығында қабылданады.

    Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:

  1. ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорациясы):

осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған гербицидтерге субсидиялар алуға өтінім;

осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құны бойынша сатып алынған биоагенттерге (этномофагтарға) және биопрепараттарға субсидиялар алуға өтінім беруі.

2)Субсидиялар:

а)гербицидтерді ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында сатып алуға кеткен шығындарын өтеу үшін ауыл шаруашылығы өнімін   өндіруді жүзеге асыратын   және осы   Қағидалардың    8-тармағының 2) тармақшасының талаптарына сай келетін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге;

б)биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепараттарды ағымдағы жылы сатып алуға кеткен шығындарын өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге;

в)ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге оларды арзандатылған құны бойынша өткізу шартымен ӨҚҚ өндірушілерге төленеді.

Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы                                                                        Н.Копеев

Орын: Х.Ниязметов
Тел: 20-357

 

 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
12.09.2017-10:34:00