АССАМБЛЕЯ ТУРАЛЫ


Мәңгілік Ел болу қазақ елінің ең асыл мұраты. Оған бізді бастайтын бірден-бір жол – бірлік.  Осының бір дәлелі ретінде, қаймағы шайқалмаған Оңтүстік Қазақстан облысын бірліктері жарасқан 100 ден астам этностың өкілдері мекендейді.

Облыстық статистика басқармасының соңғы мәліметі бойынша 2015 жылдың  басында облыс тұрғындарның жалпы саны 2 788 404 адамды құрады.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының орталық құрамына 23 адам кіреді.

Облыста «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Достық» мұражайы, облыстық қазақ, орыс, өзбек драма театрлары әрекет етеді.

2014 жылғы  19 тамызда облыс әкімдігінің «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ құру туралы» №264 қаулысы қабылданған.

Қазіргі таңда облыс әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі №283 қаулысына сәйкес, «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «С.Сейфуллин атындағы халықтар достығы үйі» мемлекеттік мекемесін қосу арқылы қайта құрылып, жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде, «Қоғамдық келісім» КММ-де төрт бөлім жұмыс істейді, олар:

- Мониторинг және ұлтаралық қатынасты сараптамалау бөлімі;

      - Ғылыми зерттеу және әдістемелік құралдарды дайындауды үйлестіру

         бөлімі;

      - Ұлттық -мәдени орталықтармен жұмыс істеу бөлімі;

      - Қоғамдық көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімі.

         Облыс аумағында барлығы 20 этномәдени бірлестік және қалалар мен аудандарда олардың 51 филиалы жұмыс жасайды. Осы этномәдени бірлестіктердің жұмысына қолдау көрсету мақсатында облыстық бюджеттен қаржылық қолдау көрсетіліп отырады. 

Одан басқа, өңірде облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығы мен облыс әкімінің Гранты белгіленген. Этномәдени бірлестіктер облыста өткізілетін барлық маңызды іс-шараларға қатысып отырады. Барлық этномәдени бірлестіктердің өздерінің тілі, дәстүрі және мәдениеті күндерін өткізіп отыруға мүмкіндіктер жасалған. 

Облыстық ассамблея хатшылығы жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар қабылданған, атап айтқанда:

- ассамблея хатшылығына Қазақстандағы этносаралық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды өткізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінеді; 

-    облыстық ассамблеяның Кеңесі құрылған;

- өңірлік ассамблея жанынан құрамына ғалымдар, этномәдени бірлестіктердің, білім саласының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары кіретін ғылыми-сарапшылық топ құрылып, жұмыс істеуде;

- бейбітшілік, қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері бойынша облыстық мәслихаттың «Ел бірлігі» депутаттық тобы құрылып, ережесі мен жұмыс жоспары бекітілген;

- облыстық ассамблея жанынан «Аналар кеңесі» құрылған. Кеңес мүшелері отбасы институты мен отбасылық құндылықтарды, мәдени мұраларды нығайту, жастар арасында жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру, этносаралық келісімді нығату мақсатында «Шаңырақ шаттығы», «Аналар асыл жандар» фестивальдарын, «Отан отбасынан басталады», «Қазақтың келіндері» конкурстарын, «Отбасы институтын нығайту – өмір талабы» семинар-тренингін өткізіп, «Мерейлі отбасы» конкурсына, т.б. көптеген іс-шараларға  қатысты.

- Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасы әзірленіп бекітілген;

- 2011 жылдан бері облыс әкімі жанында және барлық қалалар мен аудандарда «Ырыс алды - ынтымақ» қоғамдық форумдары құрылып, әрекет етуде. Олардың құрамына мемлекеттік құрылымдардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің, діни бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ауыл ақсақалдары, мәслихат депутаттары енгізілген.

Форумның мақсаты – халықтың бірлігін одан әрі нығайту, азаматтардың саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық институттар мен жергілікті атқарушы органдар арасында тығыз қарым-қатынас орнату, ел бірлігіне байланысты өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Бүгінгі күнге дейін форум аясында 200 ден аса іс-шара, 1000 ға жуық кездесулер ұйымдастырылды.

- М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Достық» клубы, №8 мектеп-гимназиясында «Шаңырақ» клубы құрылып, облыстық ассамблеяның жұмысына кеңінен тартылуда;

Қазіргі таңда, облыс көлемінде 12 – телеарна, 3 – радио, 9 – ақпараттық сайт, 175 - газет, 37 - журнал тұрақты жұмыс жасауда. Барлығы 236 БАҚ. Жоғарыда аталған  бұқаралық ақпарат құралдарының 148-қазақ, 27-орыс,     9-өзбек,  42-қазақ, орыс, 1-қазақ, түрік, 6-қазақ, орыс, өзбек, 3-қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарылады.

Жергілікті телеарналардың «Отаным – бақыт ордасы», «Бүгінгі әңгіме», «Жастық жанары», «Ел сөзі», «Казахстан – наш общий дом», «Утренний гость», «Юртимиз жамоли» телебағдарламаларына облыстық ассамблея хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері, этномәдени бірлестік төрағалары қатысып отырады. Облыстық басылымдарда арнайы айдарлар ашылып,  этносаралық тақырыптарда мақалалар тұрақты жариялануда.

Облыстық «Южный Казахстан» газетінің ай сайын шығатын «Шаңырақ» атты қосымшасында облыс ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктердің тыныс-тіршілігі туралы  материалдар тұрақты түрде жарияланып отырады. 

Өңірде 1022 мектеп бар, оның ішінде 19 мектепте - өзбек тілінде, 4 мектепте – тәжік тілінде, 9 - мектепте орыс тілінде, 249 мектепте аралас тілдерде білім алады (оның ішінде: орыс – 135, өзбек – 106, тәжік – 8).

Этномәдени бірлестіктер жанында 10 жексенбілік мектеп жұмыс істейді. Жексенбілік мектептермен қатар этномәдени бірлестіктер жанынан ақсақалдар кеңестері және  жастар қанаттары құрылған. Этномәдени бірлестіктерінің беделді мүшелері туралы мәліметтер базасы жасақталған.  

Облыста «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Достық» мұражайы, облыстық қазақ, орыс, өзбек драма театрлары әрекет етеді.

Қазақстан халқының достық фестивалі, «Рождество», «Қазақ романсиадасы» халықаралық конкурсы, «Играй, гармонь!», «Сабантуй», тілдер фестивалі, «Офарин», «Масленица», «Шыңырақ шаттығы» отбасы фестивалі, Этнос күндері, Неміс мәдениетінің облыстық фестивалі, Славян жазбасы және мәдениеті күні, сонымен қатар  ұлтаралық келісімді сақтауға бағытталған басқа да көптеген іс-шараларды өткізу дәстүрге айналды. Сонымен қатар мемлекеттік тілді насихаттау, дамыту және  оның қолдану аясын кеңейту мақсатында өзге этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тілді білу парызың», «Көп тілді білу – баға жетпес байлық», «Тілдарын» және басқа да конкурстар өткізіліп тұрады. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бебітшілік пен келісімнің жол картасы» ауқымды жоспарының шеңберінде атқарылған акциялар мен          іс-шаралар да этностар арасында татулық пен бірлікті нығайтуда айтарлықтай роль атқарды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 игі іс»  республикалық акциясы аясында облыс бойынша  1500 аса  іс-шара өткізіліп, 1200 ге жуық азаматқа материалдық көмек көрсетілді.

ontustik.gov.kz