Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен атқарылған жұмыстар


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне, сәйкес Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) мемлекеттік қызметтердің 25 түрі көрсетіледі және 3 мемлекеттік қызметті Сайрам ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен әлеуметтік-еңбек саласындағы 18 мемлекеттік қызмет, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы 1 мемлекеттік қызмет, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №219 бұйрығымен 9  мемлекеттік қызмет стандарттары бекітілді.

2017 жылдың бес айының есебі бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 18339 құрады, оның ішінде қызмет көрсетуші арқылы – 14082, ХҚКО арқылы –2309, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы –1948.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер баламалы түрде көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сұрақтары бойынша тұрғындарға қол жетiмдi және ақпараттандыру мақсатында мекеме ғимаратында көрнекi — ақпарат стендтері орналастырылған. Көрсетiлетiн қызмет алушылардың мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге қатысты сұрақтары бойынша «Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне немесе 8(72531) 20-428, 22-299, 22-699, 22-445, 23-413 телефондары бойынша немесе Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Жибек Жолы 56 мекен-жайы бойынша жүгiнуге болады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету статусы туралы ақпаратты, көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414" Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары – www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

Егерде бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нәтижелерімен келіспеген жағдайда: мерзімдері бұзылғанда, негізсіз бас тартылғанда, Стандартпен қаралмаған құжаттарды талап еткенде, қызметкер әдеп тәртібін сақтамаған жағдайда қызмет алушы төмендегі орындарға шағым бере алады: Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында көрсетілген мекен-жағдайлар бойынша орталық мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға, қызмет көрсетушіге, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға және оның аумақтық департаменттеріне, «Ашық Үкімет» порталының «Ашық диалог» платформасына (dialog.gov.kz) «электронды үкімет» веб порталының электронды мекен-жайына (www.egov.kz). Толық ақпаратты www.egov.kz/cms/ru/services/citizen_and_goverment/e_app  алуға болады.        


                      

 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
29.06.2017-10:34:00