Жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін жүргізу саласы бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер жөнінде ақпарат

Елбасының мемлекеттiк басқарушы оргаңдарының алдына қойған маңызды мiндеттерiнiң бiрi — мемлекеттiк қызмет көрсетудiң қолайлылығы мен сапасын арттыру, мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтерiн мемлекеттiк қызмет көрсетудi тұтынушы халыққа бағдарлау болып табылады.Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi - жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзуi. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары мен шағымдану тәртібі туралы және инфографиялық ақпарат бойынша стендтер қолжетімді орындарға ілінген. Көрсетiлетiн қызметтер мәселелерi бойынша шағымдарды қарау мерзiмдерi туралы ақпарат орналастырылған.

       Көрсетiлетiн қызмет алушылардың мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге қатысты сұрақтары бойынша «Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 8(72531)20- 428,   22-299, 22-699, 22-445, 23-413 телефондары бойынша немесе Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Жибек Жолы56 мекен-жайы бойынша тікелей жүгiнуге болады.

        «Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттiк мекемесi стандарттар мен регламенттерге сәйкес бекiтiлген 28 мемлекеттiк қызметтер көрсетедi:

1. Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою- Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру-"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы,  көрсетілетін қызметті беруші,  www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық  және  қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: қағаз немесе электрондық түрде жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою туралы хабарлама. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі

2. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру- Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы,  көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешім; куәлікті немесе оның телнұсқасын беру. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
 3.Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру-   Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, көрсетілетін қызметті беруші,  www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы  арқылы жүзеге асырылады.  Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық  және қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және  қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
4. Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу- Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну мерзімдерін көрсете отырып құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға  тегін көрсетіледі.
5.Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету-      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдар беру мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.  Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

6.Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау- Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, көрсетілетін қызметті беруші,  кент, ауыл, ауылдық округ әкім арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау- Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, көрсетілетін қызметті беруші, тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкімі  арқылы жүзеге асырылады.  Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға  тегін көрсетіледі.
8. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу- Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну мерзімі көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға  тегін көрсетіледі..
9. Мүгедектерге кресло-арбалар беру- Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мүгедектерге кресло-арбалар ұсыну мерзімдерін көрсете отырып құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға  тегін көрсетіледі.

10.Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету- Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін қызмет ұсыну мерзімдерін көрсете отырып, құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

11.Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу- Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мерзімін көрсете отырып, құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

12.Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу-өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мерзімін көрсете отырып, құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
13. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: көрсетілетін қызметті беруші, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі,  мүгедектер мен әлеуметтік маңызды аурулары бар адамдар – www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама.  Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық  немесе қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

14. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу- Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, көрсетілетін қызметті беруші, мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау, сондай-ақ мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы  арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық  немесе қағаз түрінде. Порталда жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама, сондай-ақ жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

15. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау- Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы,  көрсетілетін қызметті беруші,  тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші болмаған жағдайда кент, ауыл, ауылдық округ әкімі  арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті нысаны: қағаз түрінде.
 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

16. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру- Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, көрсетілетін қызметті беруші, ауылдық округ әкімі,  www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушының атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтама.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз немесе электрондық түрінде. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
17. Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру- Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: көрсетілетін қызметті беруші, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді іс-шараларына қатысуға жолдама беру, ол мыналарды қамтиды: жұмысқа орналасуға жолдама, қоғамдық жұмыстарға жолдама, адамдарға кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға жолдама,  әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жолдама, жастар практикасына жолдама, адамдарға кәсіби бағдарлануға тегін қызметтер көрсету. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

18. Ақталған адамға куәлік беру-Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: "Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту және "Саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамдарды куәлікпен қамтамасыз ету тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 184 қаулысымен бекітілген үлгідегі куәлік немесе оның телнұсқасы. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
19. Тұрғын үй көмегін тағайындау- Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы,  «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

20.Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбалар өзгерістер, толықтырулар енгізу- Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде: Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «электрондық үкіметтің» веб-порталы»  www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі:жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қоса туу туралы қайталама куәлік. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға ақылы/тегін көрсетіледі. Тууды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі. Туу туралы акт жазбасының өзгертілуіне, толықтырылуына, түзетілуіне және қалпына келтірілуіне байланысты куәлік бергені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
21.Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу оның ішінде азаматтық хал актілер жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу- Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде: Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;«электрондық үкіметтің» веб-порталы» (бұдан әрі – портал): www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.  Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістермен, толықтырулармен және түзетулермен қайталама неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.  Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы жеке тұлғаларға көрсетіледі. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу үшін 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Некені қию туралы акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзетумен және қалпына келтірумен байланысты куәлік беру үшін - 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

22. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру-
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы  арқылы жүзеге асырылады.  Шетелден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктерді немесе анықтамаларды сұратып алдырған кезде көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну қажет. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы/тегін жеке тұлғаларға көрсетіледі. Мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады: азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлікті бергені үшін – 1 айлық есептік көрсеткіш, Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық хал актілері туралы куәлікті бергені үшін – 0,3 АЕК, азаматтық хал актілері туралы куәлікті ТМД елдерінен сұратып алдырғаны үшін – 0,5 АЕК,  азаматтық хал актілері туралы куәлікті ТМД елдерін қоспағанда, басқа шет мемлекеттерден сұратып алдырғаны үшін – 1 АЕК.

23.Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбалары өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу- Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі әке болуды анықтау туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтырулармен және түзетулермен әке болуды анықтау туралы қайталама куәлік. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы/тегін жеке тұлғаларға  көрсетіледі.Әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі.Әке болуды анықтау туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілуіне байланысты куәлік берілгені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

24.Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты- Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде: Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы»  арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі:жеке басын куәландыратын құжатты көрсету кезінде қағаз жеткізгіштегі атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қайталама куәлік.   Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға ақылы көрсетіледі.  Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.  Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы акт жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

25.Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде: Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде, қағаз жеткізгіште азаматтық хал актісін тіркеу туралы куәлік. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға  ақылы/тегін көрсетіледі.Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіруге байланысты куәліктер берілгені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

26.Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу- Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде: Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері,  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы  жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.  Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі қайтыс болу туралы куәлік (анықтама), енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қоса қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама). Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы/тегін көрсетіледі. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі. Қайтыс болу туралы актіге өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілуіне байланысты куәлікті бергені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

27.Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу- Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі бала асырап алу туралы және туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен бала асырап алу туралы қайталама куәлік. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы/тегін жеке тұлғаларға  көрсетіледі. Қазақстан Республикасының азаматтарына бала асырап алуды тіркеу тегін көрсетіледі. Бала асырап алуды тіркегені үшін шетелдік азаматтардан 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

28.Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу- Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:  1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері,«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы,  «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы» (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:жеке басын куәландыратын құжатты көрсету кезінде қағаз жеткізгіштегі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы қайталама куәлік.  Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркегені үшін мемлекеттік баж мынадай мөлшерде алынады:Ккәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша – 2 айлық есептік көрсеткіш, сот шешімі негізінде – 1,5 АЕК,  сот шешімінің негізінде белгіленген тәртіпппен хабарсыз кеткен немесе жан күйзелісі сырқаты немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардан не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардан – 0,1 АЕК.

      

 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
06.03.2017-10:34:00
ЖАҢАРТЫЛҒАНЫ: 
26.07.2017-10:34:00