Аудан әкімінің бастамасы акция өткізілді



Ауданның санитарлық-экологиялық жағдайын жақсарту, тазарту және көркейту мақсатында жалпы аудандық сенбілік өткізу барысында аудан әкімі Сапарбаев Самат Айдарханұлының ұйытқы болуымен «Менің ағашым менімен бірге өседі» атты акциясы өткізілді. Акция барысында бітіруші түлектер білім алған аяулы мектептерінің ауласына өздерінің атаулы ағаштарын егіп, 1-ші сынып бүлдіршіндеріне өсіруге аманат етіп тапсырды. Акция мақсаты мектеп табалдырығында білім нәрін сусындап алған түлектер жүздесуге келгенде өздері отырғызған ағаштарының мәуелі жеміс, көлеңкелі бәйтерек болғанын көре білу, бүлдіршіндер аманат етіп жауапкершілігіне алған ағаштарын суғарып, өздерімен бірге қатарлас өсіру. Бұл іс-шара оқушылардың болашақ өмірлеріне үлкен септігін тигізеді деп ойлаймыз. Өйткені мыңжылдық мәуелі ағаш талындай жайқалып, биік осе білу мен өмірдің табиғи сілкіністеріне, соққан желіне төтеп беру үшін тәрбиелі де білімді, жауапкершілігі жоғары, аманатқа берік азамат болып қалыптасуы қажет екенін жаңа еккен ағаштың көшетін баптап өсіргенде оларға түсіндіре отырып, қазірден бастап сезіндіру.

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
13.03.2017-10:34:00