Жалпы аудандық сенбілік



Бүгін Сайрам ауданы аумағында кең көлемде сенбілік ұйымдастырылды. Аудан әкімі С.Сапарбаевтың ұйытқы болуымен өткен сенбілікке барлық бөлімдер мен мекемелер, ауыл округі әкімшіліктері, білім және медицина саласының қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында ағаштар әктеліп, көшеттер отырғызылды. Арықтар күл-қоқыстан тазартылып, көше бойлары ретке келтірілді. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші барлық қызметкерлер қолдарына тұрмыстық құрал-сайман ұстап, ауданның гүлденуіне үлес қосты. Ендеше дәл осындай игі шара алдағы уақыттарда да жалғасын таппақ.

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
13.03.2017-10:34:00