Семинар-тренинг



Сайрам ауданына қарасты  Қарабұлақ ауылдық округінде Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Мал бордақылау алаңшаларында этномәдениет бірлестіктердің өкілдеріне облыстық экономикалық әлеуметтік дамуына үлес қосу мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға және насихаттауға бағытталған семинар-тренинг» өткізілді. Семинарға Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары М.Оразалиев, облыс аудандарынан арнайы келген кәсіпкерлер, этно-мәдениет орталықтары және БАҚ өкілдірі қатысты.

            Көпшілік алдымен Қарабұлақ ауылындағы «Юлдашбеков» жеке кәсіпкерлігіне қарасты мал бордақылау алаңының жұмысымен танысты. Бір мезетте 360 бас мал бордақыланатын қожалықта өткен жылы 45 тонна ет өндірілсе, биыл өнім көлемін 47 тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. 
Тыңдаушылар барған келесі нысан «Айтуарова» жеке кәсіпкерлігінің мал сою алаңы 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда тәулігінде 35-40 бас мал сойылып, ет Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарына және Шымкент қаласына жөнелтіледі. Соған қоса, сыйымдылығы 30 тонналық тоңазытқыш та жұмыс істеп тұр. Іс-шара барысында қонақтар биыл ашылған «А.Хасанов» жеке кәсіпкерлігіне қарасты шағын ет консервілеу цехының жұмысымен де танысты. 25 адамды жұмыспен қамтыған кәсіпорын тәулігіне 2 тонна бұқтырылған ет өнімдерін нарыққа шығарады. Сонымен қатар, семинар-тренинг Қарабұлақ ауыл округіндегі Д.Қонаев атындағы колледжде жалғасын тапты.

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
10.03.2017-10:34:00