Экономика және өнеркәсіп

Кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау

  1. Өз ісін бастаушы кәсіпкерге көмек көрсету

2012 жылдың желтоқсан айынан бастап Сайрам ауданында аудан кәсіпкерлеріне «бір терезе» қағидасымен жан-жақты көмек беретін Кәсіпкерлерге Қызмет Көрсету Орталығы  (КҚКО)  жұмыс атқаруда. Орналасқан мекен-жайы: ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсу ауылы, Абылайхан көшесі н/ү, «Кәсіпкерлік мектебі» ғимараты. 

Орталықтың басты мақсаты:

  1. Әкімшілік кедергілерді төмендету;
  2. Мемлекеттік бағдарламалардың қол жетімділігін арттыру;
  3. Кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру. Осыларды біріктіре отырып, жүйелі «бір терезе» қағидасымен жұмыс жасау.

Қызмет түрлері:

- Бизнестің мемлекеттік қолдауы мен мемлекеттік бағдарламалар жайлы мәселелер бойынша кеңес беру;

 - Қаржы алуға көмек беру;

- Рұқсат құжаттарын рәсімдеуге қолдау көрсету;

- Бизнеске оқыту;

- Бизнес-жоспарларды әзірлеу.

Қызметтердің көрсетілімі тегін!

ОҚО Кәсіпкерлерге Қызмет көрсету орталығының мекен-жайы:

ОҚО, Шымкент қ. Байтұрсынов көшесі, 70/4 үй

 («Студенттер қалашығы» аялдамасы) www.kasip.info www.kasipmektep.kz

       «Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы» ЖШС Сайрам аудандық филиалы  2016 жылдың  7 айында төмендегідей жұмыс атқарған:

      «Кәсіпкерлік мектебі» бойынша :

92 адам - «Кәсіпкерлік негіздері» бойынша оқытылды;

35 адам - «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында;

45 адамға –«Мастер-класс» өткізілді;

62 адамға – Тақырыптық тренинг өткізілді.

      Құқықтық құжаттарды рәсімдеу бойынша:

244 адамға – рұқсат құжаттары бойынша кеңес берілді (әр түрлі тақырыптарда);

57 адамға – «Бизнес жоспар» жасалды.

37  жоба -  қаржыланды, сомасы – 138,3 млн.теңге;

  1. Микроқаржылау бойынша ақпарат

Сайрам ауданы көлемінде төмендегі микрокредиттік ұйымдар  (МКҰ) қызмет атқарады:

«Ырыс» МКҰ Сайрам ауданы бойынша филиалы

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау Қоры» ЖШС Сайрам ауданы бойынша филиалы

«KazMicroFinance» ЖШС  Сайрам ауданы бойынша филиалы

«Жәрдем АС» МКҰ

2016 жылдың қаңтар-шілде  айларында  МКҰ арқылы ауданның  1793 кәсіпкері  1067,5 млн.теңге көлемінде несиелік қаржыланған.

  1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар туралы ақпарат;

Аудан көлеміндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар 2016 жылдың қаңтар-шілде айларында 5922,7 млн.теңгенің өнімін өндірген. 2015 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсім 107,1%,  НКИ -103,8%. Өңдеу өнеркәсібі саласындағы тамақ өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың үлесі  63,2%.  2016 жылдың 7 айында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар табиғи  түрде 34489 тонна ұн, өндірген. 103 тонна көкөніс консервілерін, 77 тонна өсімдік майын, 531 тонна сүт өнімдерін өндірген.

Сайрам ауданы көлеміндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар
т і з і м і

Кәсіпорын атауы, қызмет түрі

Басшысының А.Ж.Т

Орналасқан мекен-жайы

Байланыс телефоны

Электронды адресі

 

«Алма» СТК, шұжық өнімдері

Директоры Шалкаров Акылбек, Орынд.директ Шалкаров Нурсултан

Қарасу а/о, Қарасу ауылы  Жұбанов көшесі

тел: 8 72531 30-185, сот 8 775 799 98 97

Spk_alma@mail.ru

 

 «Сайрам сүт» ЖШС, сүт өнімдерін өндіру

Директоры Уалихан Жамалбек,

 

Қарасу а/о, Қарасу ауылы  Головко көшесі

тел.59-113, 24-280, 20-367

sairam-syt@mail.ru

 

ЖК «Озай Зеки», ірімшік брынза өндіру

Директоры Озай Зеки

Қарамұрт а/о Қарамұрт ауылы

тел: 31-742, сот:  8701 620 84 66

3em.kz@mail.ru

 

 «Натур продукт» ЖШС(бұрынғы«ШИШ и К» ЖШС)  ірімшік брынза өндіру

Директоры Шараванов Камалиддин Исп.директор Сатаев Сабыр

Ақбұлақ а/о Ақбұлақ ауылы

Тел: 32-797, 32-799, сот 8701 505 67 45, сот 8 701 567 75 31

Shishiko2008@mail.ru

 

 «Рассвет» ӨК, ірімшік брынза өндіру

Төрағасы Абдукадыров Нусратилла

Манкент а/о Манкент ауылы Жалал ата көшесі

Тел: 33-161

Nusrat_un@mail.ru

 

ЖК «Райымкулов З..»  сүт өнімдері

Раймкулов Закиржан

Көлкент а/о, Көлкент ауылы

сот: 8 747 552 12 13,  8 775 343 05 93

 

 

 «Балғын сүт»  ЖШС  сүт өнімдері

Директор ыБегалиев  Қадырбек

Қарасу а/о, Қарасу ауылы  Жібек Жолы көш  257 үй

Тел: 53-535, сот: 8 702 147 47 47

 

 

 «Aksu Agrofood» ЖШС өсімдік майын өндіру

Директоры Сабиржанов Санжар

Ақсу ауылы, Абылайхан көшесі

сот 8 702 105 00 10

 

 

 «Асыл ЛТД»  ЖШС, диірмен

Директоры Егамбердиев Асыл Елибайулы

Ақсу ауылы, Қарабұлақ тас жолы

сот: 8 778 507 77 07, 8 702 400 51 67 бухг

Dihkanbaba-nan@mail.ru

 

«RIN K»  ЖШС диірмен

Директоры Каримжанов Райм.

Ақсу ауылы, Төлеби көшесі

Тел./факс: 2-00-11,2-06-98

too_rink@list.ru

 

«Жалал ата»  ЖШС диірмен

Директоры  Абдукадиров Нусрат

 

Манкент ауылы, Набережная көшесі

Тел: 3-80-50,  3-82-50, сот 8 701 352 73 37

 

 

«JFM company» ЖШС балық консервілеу

Директоры Рысбаев Арман Оразалиевич

Құтарыс а/о, Құтарыс ауылы

сот 87017234803

 

 

«Globus plus» ЖШС  көкөніс консервілеу

Директоры Сухов Рустам

Ақсу ауылы, Қарабұлақ тас жолы

сот 87777584444

 

 

«Дихан» ӨК көкөніс консервілеу

Директор Куандыков Елгонды

с. Акбулак

Тел 32 521- 23-542

 

 

ЖК Усманов көкөніс консервілеу

Усманов Хуснимурод

с.Каорасу, ул.Жибек-Жолы

сот. 87017889150

 

 

ЖК  Рахатов көкөніс консервілеу

Рахатов Улуғбек

с.Манкент

Тел: 3-80-34

 

 

ЖК  Турдалиев көкөніс консервілеу

Турдалиев Эмантай

с.Аксу

тел: 3-26-43, 3-12-57

 

 

ЖК Саражов Ибрагим көкөніс консервілеу

Директор Саражов Ибрагим

с.Аксу, ул. Экспедиция

сот 8 701 778 99 46

 

 

«Sigma Brau»  ЖШС, сыра өндірісі

Директор Елибаев  Аспандияр  Лесбекұлы

c.Аксу, Карабулакское шлссе б/н, офис,г.Шымкент, ул Желтоксан

тел 87252 21 1007, сот: 8 701 778 99 46

Sigma_brau@mail.ru

 

  1. Кәсіпкерлік туралы жиі туындайтын  сұрақтарға жауап беру

Сұрақ:  Жеке кәсіпкерлікті қалай тіркеймін?

Қандай құжаттар қажет?

Жауап:  Жеке тұлға болып тіркелудің 2 түрі бар:

  1. Бірінші түрі Салық комитетіне барып тіркелу.
  2. Электронды түрде (ЭСҚ арқылы Онлайн және Электронды Үкімет порталында  egov.kz)

Қажетті құжаттар: Жеке куәліктің түп нұсқасы (+көшермесі де)

ЭСҚ (электронды сандық қол) Халыққа Қызмет Көрсету Орталығынан) ҚҚКО  аласыз.

ЖК болып тіркелгеніңіз үшін төленген баж салығы туралы чек.

ЖК болып тіркелу үшін баж салығының көлемі  2 АЕК (МРП), 2016 жылдың 1-қаңтарынан 1АЕК көлемі   (айлық есептегіш көрсеткіш) көлемі 2121 тңг.

  1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының іске асуы туралы ақпарат

2016 жылдың 7 айында  «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында 8 жоба 1,3 млрд теңге көлемінде несиеленген.

«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік  бағдарламасын насихаттау жұмыстары  тұрақты жалғасуда. 

Бағдарламаның төртінші бағыты, яғни кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары бойынша  ауданда 2014 жылы құрылған  «Сайрам ауданында мемлекетік бағдарламаларды  насихаттайтын жұмысшы топ» ауыл округтері бойынша түсіндіру  семинарларын тұрақты өткізеді.

Сондай-ақ  Облыс  деңгейінде өткен ( 2016 жылдың 14-қаңтары, 9 ақпанында, 6 сәуірінде, 27 наурызда, 10-11 маусымда), халықаралық көрмелер мен Форумдарға, семинарларға аудан кәсіпкерлерінің қатысуы ұйымдастырылып отырады.

  1. Ауданның өнеркәсібі туралы.

2016 жылдың 7 айында өнеркәсіп өнім көлемі  11,5 млрд теңгені  құрады, өсім 30,3%,  НКИ – 104,0%.  Жыл соңына дейін  ауданның өнеркәсіп өнімі  19,9 млрд.теңге (өсім 108,7%)  көлемінде күтілуде. Аудан өнеркәсібінің 82%-н өңдеу өнеркәсібі құрайтындықтан, жаңа кәсіпорындар ашу есебінен өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемін 2016 жылы 7%-ға өсіру жоспарланып отыр. 2016 жылдың 7 айында өңдеу өнеркәсібінде 9,4 млрд теңгенің өнімі өндірілген (өсім 44,2%)  НКИ -104,2%.

Сайрам ауданы көлеміндегі  өнеркәсіп кәсіпорындарының
т і зі м і

Кәсіпорын атауы, қызмет түрі

Басшысының А.Ж.Т

Орналасқан мекен-жайы

Байланыс телефоны

Электронды адресі

«ЮКМЗ» АҚ, ауыл шаруашылығы машналарын шығару

Директоры Шадинов Бейбут

Ақсу ауылы, Абай көшесі

Тел 8 72531 20-480

ukmz@mail.ru

  «STRATUS OIL» ЖШС   Мұнай өнімдері

Директоры Исабаев Р.

Ақсу ауылы, Қарабұлақ тас жолы

Сот: 8 701 73 95 99

info@oilprodukttrade.com

"K.AZ TEL"  ЖШС Электр сымдары өндірісі

Директор Омарова Аида

Ақсу ауылы, Қарабұлақ тас жолы

87756278662

Kaztel@mail.ru

«Swed kaz» ЖШС Синтетикалық жуғыш заттар

Директор Акбари Зафар Саар

Қарасу а/о

Сот: 8 705 375 40 87,Тел:30-110, 44-20-34

Swed kaz1@mail.ru

 «RIN K» ЖШС Пластикалық бұйымдар шығару

Директоры Каримжанов Раим

Ақсу ауылы Төлеби көшесі

8 72531 20-011

rink@mail/ru

"ЮКЗ полимерных труб"  ЖШС Полимер трубалар шығару

Директоры Батырханов Нагашбек

Ақсу ауылы, Қарабұлақ тас жолы

Сот:8 775 116 49 79

ukzpt@mail.ru

 «GOLDEN NOMAD» тігін фабрикасы Ерлер мен әйелдер костюмдерін тігу

Директоры Қалмуратова Балжан

Ақсу ауылы, Жібек Жолы көшесі

тел: 22-861

Golden-nomad @mail.ru

8)  Ауданның инвестициялық мүмкіндіктері

    2006 жылы құны 1839,4 млн.теңгелік 5 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр:

  1. «Қайып ата» ЖШС – «Ет өңдеу комбинатының құрылысы» жобасы;
  2. «Ақсу Энерго» ЖШС-ның «Қуаттылығы 2 мВт шағын су электрстанцасының құрылысы»  жобасы;
  3. ЖК  «Ибтикар»  «Өсімдік майын өндіру», «Сыйымдылығы 10,0 мың тонналық қойма құрылысы», жобасы;
  4. «AKSU-AGROFOOD» ЖШС  «Өсімдік майын шығаратын цехты» іске қосу жобасы;
  5. «RIN K» ЖШС «Тәулігіне 250 тонна бидай өңдейтін диірмен құрылысы» жобпсы.

1.1 Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі  тұжырымдамасын  Оңтүстік Қазақстан облысында 2013-2050 жылдары іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына Сайрам ауданы тарапынан:

«Ақсу Энерго» ЖШС-ның «Қуаттылығы 1 мВт күн электр станцасының құрылысы» жобасы енгізілген болатын.  Жоба 2014 жылы іске қосылған. Ашылған жұмыс орны 6 адам. Жобаның құны 325,0 млн.теңге. Бүгінгі таңда кәсіпорын 1МВт күн электр энергиясын өндіруде.

Сонымен қатар «Ақсу өзенінде қуаттылығы  2,5 МВт-тық шағын гидроэлектрстанция құрылысы» жобасы енгізілген. Жобаның құны 887,0 млн.теңге. Жобаның іске қосылу мерзімі 2016 жылдың 4-тоқсаны.

Сайрам ауданы бойынша демографиялық өсімі

Сайрам ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі аудандардың бірі, халқының тығыздығы жағынан өте үлкен, этнодемографиялық жағдайы  күрделі, әрі даму потенциалы  аса жоғары, көпұлтты аймақ.        

Халық саны 2015 жылдың 1 мамырына 196,3 мың адам болса, 2016 жылдың 1 мамырына 200,6 мың адамға жетті, яғни өсімі 2,2%.

Сайрам аудандық Статистика басқармасының мәліметіне сәйкес ағымдағы жылдың 4 айында ауданда 2108 бала дүниеге келіп, 362 адам өлген, оның ішінде 1 жасқа дейінгі 19 нәресте. Табиғи өсім 1746 адамды құрады.

2016 жылдың 1 маусымына жалпы өңірлік өнім көлемі 28,3 млрд.теңгені, жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 141,1 мың теңгені құрады. Жалпы өнім көлемі ішінде өнеркәсіп өнім көлемінің үлесі 27,0 пайызды, ауыл шаруашылық өнім көлемінің үлесі 38,4 пайызды құрап отыр. Жыл басынан 1,7 млрд.теңгеге инвестиция тартылып, құрылыс жұмыстары 3,6 млрд.теңгені құрап, 4039 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды.

Ауданның 2016 жылға арналған бюджетінің кірістері 19 931,9 млн.теңгеге (өзіндік кірістер 1 915,9 млн.теңге), шығыстар жоспары 20 926,3 млн.теңгені құрады. Шығыстардың 82,2% білім беру саласына, 3,9% тұрғын үй коммуналдық шаруашылыққа, 3,4% әлеуметтік қамсыздандыруға жоспарланды.

2016 жылдың 5 айында бюджеттік түсімдердің жоспары контингент бойынша 109,5 пайызға, аудан бюджеті 118,7 пайызға артығымен орындалды.

2016 жылдың басынан  өнеркәсіп өнімінің көлемі 7,6 млрд.теңгені  құраса, өнеркәсіптің басымды саласы өңдеу өнеркәсібінде 6,0 млрд.теңгенің  өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі 104,9 %.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім көлемі 19,1 млрд. теңгені құрап, өсім 17,0 % жетті. Бұл салада 23,0 мың адам жұмыспен қамтылған. Төленген салық төлемдері 0,5 млн.теңге.

Кәсіпкерлерді қаржы институттары арқылы қолдау бойынша аудан көлеміндегі микрокредиттік ұйымдар арқылы  1137 адамға  514,3 млн.теңге көлемінде несие берілген.

Ауыл шаруашылығы саласында 2016 жылдың 1 маусымына 10,9 млрд.теңгеге жалпы өнім өндіріліп, өсім 102,9 пайызды құрады. 22590 гектар жерге егістік егілген, 18500 га суармалы жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Жалпы ауданда 513 га жерге тамшылатып суғару әдісі ендірілген, оның ішінде 2016 жылдың 5 айында 5 гектар жерге тамшылатып суғару әдісімен бау егілді. Жалпы ауданда 18,5 га жерде 76 бірлік жылыжайлар бар. Оның ішінде ағымдағы жылдың 4 айында 1 га жылыжай санынды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 6 бас асыл тұқымды бұқа, 150 бас аналық стып алынды.

Сайрам ауданы бойынша 2016 жылды бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 4,5 млрд.теңгені, көтерме сауда тауар айналымы 5,5 млрд. теңгені құрады.

2016 жылдың 5 айында 1,2 млн.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 97,2 млн.теңгеге 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы, 13,0 млн.теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді.

2016 жылдың қаңтар-мамыр айларында 2108 нәресте туылып, бір жасқа дейінгі 19 бала шетінеп, жалпы өлім көрсеткіші 5,44 құрады. Аудан бойынша ана өлімі тіркелген жоқ.

Аудан бойынша елді мекендердің 42,8 пайызы табиғи газбен қамтылған болса, 57,1 пайызы немесе 24 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етілмеген.

Қарабұлақ ауылының ішкіорамдық газ өткізгішінің құрылысы аяқталған соң 42 мыңнан астам ауыл тұрғындарын табиғи газбен қамту жоспарлануда.

«Бейнеу-Шымкент» магистральді газөткізгішінің Түлкібас ауданындағы 1420 шақырымынан Арыс ауыл округі аумағындағы №20 «Жаңақоғам» АГТС және №20 «Жаңақоғам» АГТС құрылысынан Қарабұлақ елді мекені арқылы Көмешбұлақ  елді  мекеніне дейінгі газөткізгіш құбыры арқылы 24 елді мекен тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

2016 жылға жолдарды орташа жөндеуден өткізуге аудандық бюджеттен 12 көшеге 200,2 млн.теңге және «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 6 көшеге 66,9 млн.теңге қарастырылған.

Бүгінгі таңда аудан бойынша 42 елді мекеннің 36-на ауыз су тәулігіне 24 сағат берілсе, 5 елді мекенге  ауыз су кестемен беріледі, 1 елді мекен тасымал суын пайдаланып отыр. Осыған байланысты, 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілмеген елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында былтырғы жылы Қарасу ауылының сумен жабдықтау жүйелері құрылысына аудандық бюджеттен 15,3 млн.теңге және Манкент ауылының сумен жабдықтау желілері құрылысына облыстық бюджеттен 12,0 млн.теңге қарастырылып, ЖСҚ дайындалған.

2016 жылға облыстық бюджеттен Қарабұлақ ауылының сумен жабдықтау жүйелері құрылысының ЖСҚ әзірлеу үшін 10,0 млн.теңге қарастырылған және 2017 жылға облыстық бюджеттен Қарабұлақ және Манкент ауылдарын ауыз сумен жабдықтау құрылыстарына 100,0 млн.теңге жоспарланып отыр.

Сайрам ауданының төлқұжаты

Сайрам ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі аудандардың бірі. 1928 жылдың 17 қаңтарында Манкент-Сайрам ауданы шаңырақ көтеріп, әкімшілік орталығы Манкент ауылы болды, ал маусым айынан орталық Сайрам ауылына көшірілді. 1930 жылдың 17 желтоқсанында Сайрам ауылдық ауданы қайта құрылып, 1934 жылы ауданның әкімшілік орталығы Белые Воды селосы болды, село 1996 жылы Ақсу ауылы, ал 1997 жылдан Ақсукент ауылы деп аталды.

Аудан орталығы Ақсукент ауылы облыс орталығы Шымкент қаласынан 7 шақырым қашықтықта, Ақсу өзенінің оң жақ жағалуында орналасқан.

Тоғыз жолдың торабы саналатын аудан орталығы арқылы халықаралық «Алматы-Бішкек-Ташкент-Орынбор» магистралы мен «Алматы-Ташкент-Мәскеу» темір жол желісі өтеді. Яғни ежелгі «Жібек жолының» бойындағы керуен сарайлары мен әйгілі көне Сайрам жерін халықаралық маңызға ие аймақтардың қатарына жатқызуға болады.

Ауданның дамыған гидрографиялық жүйесі бар. Аудан аумағынан өтетін үш өзен мен бірнеше шағын көлдер негізгі суландыру көздері болып табылады. Құрамында минералды бай қоспалары бар емдік жылы суы арқылы Республика көлемінде «Манкент» шипажайы жақсы танымал.

«Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласының, Ордабасы, Сайрам және Төлеби аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №371 қаулысы және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №21/177-V Бірлескен шешіміне сәйкес, ауданның 6 ауыл округі  31 елді мекенімен 2014 жылы  Шымкент қаласының аумағына өткен.       

Халық саны 2013 жылы 319,3 мың адам болса, жоғарыда аталған қаулыға сәйкес 2014 жылы 195,5 мың адам, 2016 жылдың 1 мамырына 200,6 мың адам  болды, бұл жалпы облыс халқының 7,0 пайызы. Ұлттық құрамы: қазақтар - 24,9%, өзбектер – 66,9%, орыстар – 2,9%, басқа ұлттар – 5,3%. Аудан орталығы Ақсукент ауылының халқы 33,9 мың адам.

Сайрам ауданы халқының тығыздығы жағынан өте үлкен, этнодемографиялық жағдайы  күрделі, әрі даму потенциалы  аса жоғары, көпұлтты аймақ.  Ауданның аумағы 114761 га, 11 ауылдық округті біріктіретін 42 елді мекен бар.

Аудан әкімі –  Сапарбаев Самат Айдарханұлы,  атаулы лауазым иесі болып 2016 жылдың наурыз айынан бастап қызмет етеді.

Сайрам ауданында 60 өнеркәсіп мекемелері жұмыс істейді, оның ішінде:  ірі жоқ,  5 орташа, 49 шағын және 6 қосалқы кәсіпорындар.

72 жалпы білім беру мектептерінде 47 922 оқушы бар. 85 мектепке дейінгі мекемелерде 9673 бала тәрбиеленіп, қамтылу пайызы 80,0 құрап отыр. Оның ішінде 15 мемлекеттік балабақша, 54 жекеменшік балабақша, 16 жекеменшік шағын орталықтар.

Аудан тұрғындарына 48 медициналық-санитарлық ұйымдары қызмет көрсетеді. Оның ішінде: 1 аудандық орталық аурухана, 1 аудандық орталық емхана, аудандық туберкулезге қарсы диспансер, 1 Қарабұлақ аудандық аурухана, 1 Қарабұлақ аудандық емхана, 4 ауылдық емхана, 9 дәрігерлік амбулаториясы, 13 фельдшерлік – акушерлік, 17 медициналық пунктері. Одан басқа ауданда оннан астам жеке-меншік медициналық ұйымдар қызмет көрсетуде.

Ауданда 325 спорт ғимараттары бар, оның ішінде 2 стадион, 7 жабық футбол алаңы, 5 жүзу бассейндері, 62 спорт залдары (мектептерде 51, спорт мектептерінде–1, колледждерде – 4, мекеме және жеке меншіктерде–4), 2 спорт кешені, 2 ату тирлері, 242 спорт алаңдары (футбол алаңдары–68, баскетбол және волейбол алаңдары–174), 2 теннис корты, оқу-жаттығу жиындарын өткізетін орталықтар–1.

Ауданда 717 сауда орындары бар, онда 1223 адам жұмыс істейді, сонымен қатар 536 сауда орындық 10 базар, 176 қоғамдық тамақтану орындары бар, онда 475 адам жұмыс істейді.

Ауданда 30 мәдениет ошағы халыққа  қызмет көрсетеді, оның ішінде 1 аудандық мәдениет үйі, 3 ауылдық мәдениет үйлері, 7 ауылдық клуб, 19 кітапхана.

Аудан көлемінде 1120,7 шақырым автокөлік жолдары болса, оның ішінде  22 шақырымы Республикалық, 190,9 шақырымы облыстық, 132,9 шақырым аудандық маңызы бар, ал 774,9 шақырымы ішкі шаруашылық автомобиль жолдары бар.

1 көлік мекеме жолаушыларды тасымалдаумен айналысады. Жолаушылар жалпы 28 бағытта тасымалданады.

Сайрам ауданында 4 партия, 7 ұлттық мәдени орталық, 26 үкіметтік емес ұйымдар, 148 діни бірлестіктер тіркелген.

Ауданда “Elnur TV” телеарнасы бар. «Исфиджаб» ЖШС “Мәртөбе”, «Пульс Сайрама», «Сайрам садоси» атты газеттерді басып шығарады.

Сайрам ауданының 2016 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік–экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты дамуда. Мемлекеттік бағдарламалардың негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында, ауданда  тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 Бүгінде аудан аумағы 1147,61 шаршы шақырымды қамтитын 11 ауылдық округті, 42 елді мекенді біріктіріп отыр. Ауданда 200,6 мың халық тұрады, бұл жалпы облыс халқының 7,0 пайызын құрайды.

Жалпы өңірлік өнім ағымдағы жылы 28,3 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен  салыстырғанда  17,1 пайызға төмендеді.  Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 141,1 мың теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 18,9%төмендеді.

         2016 жылдың 1 маусымына бюджеттік түсімдердің жоспары контингент бойынша 1416,3 млн.теңгеге немесе 109,5 пайызға, аудан бюджеті 877,6 млн.теңгеге немесе 118,7 пайызға орындалды.

Ағымдағы жылдың қорытындысымен өнеркәсіп өнімінің көлемі 7,6 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (5,6 млрд.тг) 2,1 млрд. теңгеге  немесе 37,0%  жоғарылады, нақты көлем индексі 104,9%. Облыс көлемінде өнеркәсіп өнімі көлемінің үлесі2,4% құрайды.

Шағын және орта бизнес субъектілері 2016 жылғы қаңтар-мамыр айларында 19,0 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 17,0% артты. Мұнда жұмыспен қамтылғандар саны 2015 жылмен салыстырғанда 2,5% өсті. Жыл басынан 84кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, 355 жұмыс орны ашылды.

Аудан экономикасын дамытуға 1,6 млрд.теңге инвестиция тартылып, былтырғы жылмен салыстырғанда 62,0% төмендеді. Негізгі капиталға республикалық  бюджет есебінен 943,5 млн.теңге, жергілікті бюджет есебінен 378,5 млн.теңге, меншікті қаражат есебінен 267,7 млн.теңге, банктердің кредиттері 88,0 млн.теңге, басқа да қарыз қаражаты 16,191 млн.теңге инвестиция тартылды.

Құрылыс жүмыстарының көлемі 3,6 млрд.теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 59,9% төмендеді.

Іске қосылған тұрғын ғимараттардың алаңы 4039 шаршы метрді құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 54,3% төмендеді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі  10,9 млрд.теңгені құрап, 2015 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 306,4 млн.теңгеге артып, нақты көлем индексі 102,9% құрады. Мал шаруашылығында 10,7 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы жылмен салыстырғанда өсім 3,0%, егін шаруашылығында 132,7 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, 100% орындылды. 2015 жылдың 5 айымен салыстырғанда ет 105,4%,  сүт 102,2%, жұмыртқа 93,4% орындалды, бір сиырдан сауылған сүт 1227 кг құрады немесе 2015 жылмен салыстырғанда2,1% артты.                 

Әлеуметтік орта.  55 азамат 1,160 млн.теңге атаулы әлеуметтік көмек алды, 2015 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда көмек алушылар саны 22 адамға азайды. 18 жасқа дейінгі 10120 балаға 97,202 млн.теңге жәрдемақы төленіп, жәрдемақы алушылар саны 360 балаға азайды. Аудан бойынша басқа да әлеуметтік іс-шаралар жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеп келген 1623  адамның ішінен 801 адамы немесе 49,3% тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Орташа айлық жалақы 85793 теңгені, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 18092 теңгені құрады.

Мүлікті жария ету жөніндегі мәлімет

     «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 13 қарашадағы № 400-V Заңына сәйкес келесі жылжымайтын мүліктер жария етілуге жатады:

1) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субьектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);

2) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға рәсімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш обьектілеріне және магистралдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа)

Мүлікті жария ету үшін комиссияға келесідей құжаттарды ұсынуы қажет:

  -  белгіленген нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге арналған өтінішті;

  -  өтініш беру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып, оның көшірмесін;

  -  объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын;

  -  жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын;

  -  жария ету субьектісі орналасқан жер учаскесіне мемлекеттік акт.

     Сонымен қатар, аудан тұрғындарының назарына өтінішті комиссия өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

     Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделмеген, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады.

Ауданда «Қазақстан  Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың  2015-2019  жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасының»  орындалуы және  2016 жылға қойылған міндеттер туралы

Бес  институттық  реформаның 3-ші реформасы -Индустрияландыру және әртараптандыруға негізделген экономикалық өсім.

Индустрияландыру – экономиканың құралы ғана емес, сонымен бірге мемлекет дамуының және орта тапты қалыптастырудың маңызды факторы.

Шағын және орта бизнес арқылы жұмыс орындарын құру мен елдің экспорттық әлеуетін дамыту делінген. Осы мақсатта 2016 жылы өнеркәсіп өнім көлемі 19,9 млрд.теңге (өсім 108,7%), көлемінде  болжанып, аудан  өнеркәсібі саласын  2 бағытта  дамыту жоспарланып отыр:

1бағытАудан өнеркәсібінің 79,9%-н өңдеу өнеркәсібі құрайтындықтан, жаңа кәсіпорындар ашу есебінен өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемін 2016 жылы 7%-ға өсіру жоспарланып отыр. Басымдық шикізаттық емес сектордағы жобаларға беріледі.  Ол үшін ағымдағы жылы құны 2645,2 млн.теңгеге 7 жобаны іске асыру жоспарланып отыр: 

«Ақсу Энерго» ЖШС-ның «Қуаттылығы 2 мВт шағын суэлектрстанцасының құрылысы»,  «Sigma Brau»  ЖШС «Сыра зауытының құрылысы,«ЖК Егембердиев» «Құрылыс материалдарын шығаратын цехты іске қосу» жобасы, «Қайып ата» ЖШС – «Ет өңдеу комбинатының құрылысы,  «Бірлік-4» ЖШС – «Ауыл шаруашылығы  өнімдерін өңдейтін цех құрылысы,  «RIN K»  ЖШС "Қуаттылығы күніне  250 тонналық диірмен құрылысы ", «AKSU-AGROFOOD» ЖШС  «Өсімдік майын шығаратын цехты» іске қосу жоспарлануда. Нәтижесінде өнім көлемі өсіп, 241 адамды жұмыспен қамту көзделуде.2015 жылы өңдеу өнеркәсібі саласында төмендегі жобалар іске қосылып, 320 адам жұмыспен қамтылған: «GOLDEN NOMAD» маркалы тігін фабрикасы (барлық жұмысшылар саны 180 адам) ,«STRATUS  OIL» ЖШС-гі «Мұнайды сақтайтын және өңдейтін кешен құрылысы» жобасы барлық  жұмысшылар  саны 60 адам, "J.F.M. Company" ЖШС  «Балық түрлерін өңдеу және консервілеу» жобасы, барлық жұмысшылар саны 150 адам, , “Балғын сүт” ЖШС ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кешен құрылысы жобасы, ашылған жұмыс орны 10 адам.

2 бағытАудандағы бар резервтерді  пайдалану есебінен  аудан экономикасын көтеру.  Бұл бағытта  Индустрияландыру картасына жобалар енгізу және олардың толық қуаттылықта жұмыс істеуін қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыру.

Сайрам аудандық кәсіпкерлік бөлімінің  негізгі міндеттерінің бірі «Қазақстан  Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың  2015-2019  жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру Индустриялдандыру картасына жобалар енгізу  болып табылады.

Бағдарламаның бірінші бесжылдығының қорытындысымен, яғни «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық – инновациялық дамыту жөніндегі  2010-2014 жылдарға арналған»  мемлекеттік бағдарламасы және «Қазақстан  Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың  2015-2019  жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету мақсатындаоблыс әкімдігі, кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық  даму және туризм  басқармасы және аудан әкімдігі арасында жыл сайын түзілетін үш жақты келісімдегі тапсырмаларды және бағдарламаның талаптарын іске асыруда ауқымды жұмыстар жүргізілді. Оңтүстік Қазақстан облысының өңірлік индустрияландыру картасына ауданның инвестиция көлемі  5,2 млрд.теңгелік  9 жобасы енген, оның 7 жобасы іске қосылып, өнім өндіруде. Олар: синтетикалық тазартқыш заттар шығаратын  "Swed Kaz" ЖШС –722 тонна, сүт өнімдерін өндіретін «Сайрам сүт» ЖШС – 2168 тонна, электр сымдарын өндіретін «KaZ tel» ЖШС – 3833 шақырым кабель, бидайды терең өңдеу арқылы глюкозалы-фруктозалы шырын, клейковина, крахмал және кебек өндіретін "Bio Grain" ЖШС -4187 тонна өнім өндірген. Сонымен қатар,қуаттылығы  1 мВт күн электростанциясы«Ақсу Энерго» ЖШС жобасы, «Жеміс және көкөніс консервілерін өндіретін»«Глобус плюс» ЖШС, өнеркәсіптік үлгідегі интенсивті бау «Грейн Ленд» ЖШС-рі жұмыс істеуде. Жобалар толық қуаттылықта жұмыс атқаруда.

Жалпы индустриялды-инновациялық даму  мемлекеттік бағдарламасы аясында Индустрияландыру картасындағы  жобалар  арқылы өңірде облыста бұрын-соңды шығарылмаған бірқатар өнім түрлері игерілген. Мәселен, брендтік костюм, ПВХ-профиль, глюкоза-фруктозалы сироп, кабельді электр сымдары, тазартқыш құралдар, сонымен қатар «жасыл экономиканы»,  яғни  Баламалы энергетиканы дамыту бағдарламасы аясында да  бір жоба іске қосылған. Ағымдағы жылы Индустрияландыру картасына енген 2 жоба іске қосылуы күтілуде:

1.«Кайып ата» ЖШС  «Ет өңдеу комбинатының құрылысы» жобасы.  Жобаның құны -  230,6 млн.теңге. «БЖК 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша инфрақұрылымға 64,0 млн.теңге көлемінде қолдау алған.  Ашылатын жұмыс орны – 20 адам.

2. «Бірлік-4» ЖШС-ның  «Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін цех құрылысы» жобасы. Жобаның құны 200,0 млн.теңге.  Ашылатын жұмыс орны  50 адам. Жоба  кәсіпкердің жеке қаржысы есебінен іске асырылуда.

Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасын Оңтүстік Қазақстан облысында 2013-2050 жылдары іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына Сайрам ауданы тарапынан

«Ақсу Энерго» ЖШС-ның «Қуаттылығы 1 мВт күн электр станцасының құрылысы» жобасы енгізілген болатын.  Жоба 2014 жылы іске қосылған. Ашылған жұмыс орны 6 адам. Жобаның құны 325,0 млн.теңге. Бүгінгі таңда кәсіпорын 1МВт күн электр энергиясын өндіруде. Сонымен қатар «Ақсу өзенінде қуаттылығы  2,5 МВт-тық шағын гидроэлектрстанция құрылысы» жобасы енгізілген. Бүгінгі таңда жоба құрылысы жүруде. Жобаның құны 887,0 млн.теңге.

Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі  тұжырымдамасын  Оңтүстік Қазақстан облысында 2013-2050 жылдары іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына Сайрам ауданы тарапынан:

«Ақсу Энерго» ЖШС-ның «Қуаттылығы 1 мВт күн электр станцасының құрылысы» жобасы енгізілген болатын.  Жоба 2014 жылы іске қосылған. Ашылған жұмыс орны 6 адам. Жобаның құны 325,0 млн.теңге. Бүгінгі таңда кәсіпорын 1МВт күн электр энергиясын өндіруде.

Сонымен қатар «Ақсу өзенінде қуаттылығы  2,5 МВт-тық шағын гидроэлектрстанция құрылысы» жобасы енгізілген. Бүгінгі таңда жоба құрылысы жүруде.  Жобаның құны 887,0 млн.теңге.

Индикаторлар

№ п/п

Индикаторлардың жазбаша мәліметтері

Жауапты мемлекеттік қызметтің атауы

1

«Сайрам Сүт» ЖШС сүтті дайындау және қайта өңдеп,сүт өнімдерін сатады.Тел.:8701-777-84-29. Адрес:с.Карасу, к:  С.Головко н/з Директор:Жамалбек Уалихан

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі

2

ӨК «Рассвет» ЖШС сүтті дайындау және қайта өңдеп,сүт өнімдерін сатады.Тел.:8702-174-42-32Адрес:с.Манкент,к:Жалал ата.Төраға:Абдукадиров Мусрат

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі

3

ТОО «ШиШ и КО ЖШС сүтті дайындау және қайта өңдеп,сүт өнімдерін сатады.Тел.:8775-161-05-84Адрес:с.Акбулак,к:.Аксу. Төраға:Шараванов Камал

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі

4

ИП «Озай Зеки» ЖШС сүтті дайындау және қайта өңдеп,сүт өнімдерін сатады. Тел.:8701-620-84-66 Адрес:с.Карамурт, к:Уста-Хыдр н/зЖеке кәсіпкер:Озай Зеки

Ау

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
20.01.2017-10:34:00