СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ТУРАЛЫ


Сайрам ауданының дене шынықтыру және спорт саласы

Спорт – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Сайрам аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің негізгі қызметі ауданымызда дене шынықтыру мен спортты дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. 

Бөлімде 3 мемлекеттік қызметшілер жұмыс атқаруда.

Аудан көлемінде бөлімге қарасты аудандық 4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері коммуналдық мемлекеттік  меншіктегі  жұмыстар жүргізуде. Аталған мекемелерде 15 спорт түрінен 11 ауыл округтерін қамтып, 275-оқу тобымен 4182 спортшылармен 132 жаттықтырушы жұмыс жасауда.

Сайрам аудандық спорт мектептері туралы мәлімет

Спорт мектептері, мекен-жайы

Спорт түрлері

Қамтитын ауыл округтері

Штат саны

Жаттықтыру шылар саны

Топтар саны

Оқушылар саны

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сайрам аудандық
денешынықтыру және спорт бөлімінің №1
Сайрам аудандық
балалар мен
жасөспірімдер спорт мектебі
Ақсукент ауылы, Жандарбеков
көшесі №7
1Еркін күрес
2Қазақ күресі
3Грек-рим кү-сі
4Жеңіл атлет
5Үстел теннисі
6Футбол
7Каратэ-до
8Дзю-до
9Кикбоксинг
10Бокс
11Баскетбол
 12Волейбол
1Ақсукент а/о
2Қарасу а/о
3Қарабұлақ а/о
4Ақбұлақ а/о
5Құтарыс а/о
6 Арыс а/о
7Қайнарбұлақ а/о
8 Қарамұрт а/о

 

   34

 

57

 

140

 

1732

2

Сайрам аудандық
денешынықтыру және спорт бөлімінің №2
Сайрам аудандық
балалар мен
жасөспірімдер спорт мектебі
Манкент
ауылы, Бірлік
көшесі №54
1Еркін күрес
2Грек-рим күресі
3Футбол
4Волейбол
5Үстел теннисі
1Ақсукент а/о
2Манкент а/о
3Қарасу а/о
4Қарабұлақ а/о
5Құтарыс а/о
6Қарамұрт а/о
7Көлкент а/о

17

15

27

372

3

Сайрам аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің №3 Сайрам аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі Ақсукент ауылы Абылайхан көшесі №39 

1Бокс
2Волейбол
3Ү/теннисі
4Футбол
5Баскетбол
6Грек-рим күресі
7Тоғызқұмалақ
8Ауыр атлетика
9Кикбоксинг
1Ақсукент а/о
2Қарасу а/о
3Қарамұрт а/о
4Жібек-жолы а/о
5Манкент а/о
6Қарабұлақ а/о
7Көлкент а/о

 

20

 

25

 

56

 

746

   4

Сайрам аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің №4 Сайрам аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі

Қарабұлақ ауылы Т.Рустемова көшесі №86

1Бокс
2Еркін күресі
3Үстел теннисі
4Футбол
5Баскетбол
6Волейбол
7 тоғызқұмалақ

1Қарабұлақ а/о

2Арыс а/о

 

22,75

 

33

 

57

 

776

Сондай-ақ Аудандық спорт мектептерінен бөлек облыстық спорт мектептерінде 9 жаттықтырушы 14-оқу тобымен, 5-ауылды қамтып, 308 оқушыларды жаттықтыруда.  Атап айтқанда  2017 жылдың 8 айында спорт мектептерінде 4182, спорт клубтарында (Ақсукет ауылындағы «Жастар», Қарасу ауылындағы «Мардан-аға Сапарбаев», Көлкент ауылындағы «Үш-Төбе») 323 жасөспірім өздеріне ұнаған спорт түрлерімен айналысуда. Ауданымыздағы барлық елді мекендердердегі жалпы саны 354 спорт нысандарында,  ауданда білім беретін мекемелердегі сабақтан тыс спорттық үйірмелерде 24205 оқушылар, колледждерде 1238 студенттер, мекемелерден (оның ішінде кәсіп орын, ұйымдар, органдар, т.б) 20991  дене шынықтыру және спортпен айналысады.  

Ауданда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы  2020 жылға 30 % дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы  бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда ауданымызда дене шынықтыру және спортпен 53168 адам шұғылданып, жалпы тұрғындар санының 26,7 % құрап отыр.

Ауданда 354 спорт нысандары тіркелген.

Оның ішінде: Стадиондар – 2 1.Ақсукент ауылы орталық «Қайрат» КММ;  2. Көлкент а/о «Томирис» жекеменшік Музрапов.

Жүзу бассейндері – 2  (аудандық білім бөліміне қарасты «Болашақ» лагерінде – 1; облыстық білім басқармасына қарасты «Ақсу» лагерінде – 1 мемлекеттік;

Спорт залдар – 79 (мектептерде: -62, спорт мектептерінде: -6, жеке меншіктерде: -6 (Ақсукент ауылында-«Жастар», «Ақсу-арена», Көкент ауылында-«Үш-төбе», «Усмантай-ата», Қарасу ауылында-«Қарасу спорт залы», «Мардан-аға») коледждерде: -5 Ақсукен ауылында «Ақсукент» көпсалалы колледж, Агрогуманитарлық колледж, Инавациялық колледж, Гуманитарлық педагокикалық колледж, Қарабұлақ ауылында Д.Қонаев атындағы колледж.) 

Спорт кешен  - 2 (Ақсукент ауылы «Қайрат» спорт кешені КММ, Қарабұлақ ауылы «Сапа» спорт кешені жекеменшікте Ш.Умаров)

Спорт алаңдары – 258 (241-і білім беру мекемелері мен ауыл округтеріне қарасты, 17-і колледждер мен жекеменшікте).

Оқу-жаттығу жиындарын өткізетін орталық – 1 (М.Оразалиев атындағы «Ұлан» спорт орталығы жекеменшік)

Теннис корты – 1 «Манкент» шипажайында жекеменшік

Жабық футбол алаңдары – 11 (Ақсукент ауылында-3 «Мирас жабық футбол алаңы» дендро саябағы жанында (Б.Нұрлыбаев), «Ақсу-Арена жабық футбол алаңы» Қарабұлақ тас жолы бойында (Ж.Бурханов), «Ақсу-спорт жабық футбол алаңы» бұрынғы Иманалиев базарында М.Көпсұлтан), Қарабұлақ ауылында -2 «НИК-спорт жабық футбол алаңы» (Б.Нишанкулов), «Спорт кешен жабық футбол алаңы» (С.Қаратаев), Манкент ауылында-1 «Манкет-спорт жабық футбол алаңы», Ханқорған ауылында-1 «Ханқорған жабық футбол алаңы», Қарамұрт ауылында-1 «жабық футбол алаңы», Ходжақорған-1 ауылында «жабық футбол алаңы», Көлкент ауылында-1 «Усмантай-ата жабық футбол алаңы» (О.Усмантаев), Қасымбек Датқа ауылында 1 жабық футбол алаңы (Е.Имашев). 

Бұқаралық спортты дамыту

Спорт саласында мемлекеттік саясаттың басымдығы – бұқаралық спортты тиісті деңгейде дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады. Бұқаралық спорттың дамуы – қазақстандықтардың салауатты өмір салтының даму негізі.

Бұл ретте балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту маңызды рөл атқарады. Себебі бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортының дамуы, соның ішінде әлемдік спорт аренасында өнер көрсетуі осыған тікелей байланысты.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2017 жылдың 8 айында аудан аумағында (ауылды жерлерде) 179 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 26467 адам қатысты. Оның ішінде 1-і Республикалық деңгейде, 17-і облыстық деңгейде, 161-і аудандық деңгейде өткізілді.

Жоғары спорт шеберлігі мен спорт резервін дайындау

Бүгінгі таңда, аудан көлемінде 15 (12 олимпиадалық, 3 олимпиадалық емес) спорт түрлері дамытылуда.

2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан спортшылары спорт түрлерінен:

- Облыс чемпионаттары мен біріншіліктеріне және Халықаралық турнирлерге қатысып 300 ге жуық спортшыларымыз жеңімпаздар мен жүлдегер атанса,  Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 8 алтын, 13 күміс, 17 қола медальға қол жеткізсе,

- Азия чемпионаттарында аудан спортшылары 3 күміс және 2  қола медальға қол жеткізіп;

- Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында ауданның 5 спортшылары тәжірибе жинақтап қайтты.

Айта кететін жағдай,  ауданда 2015-2016 оқу жылында жастар мен жасөспірімдер арасында 3 ҚРспорт шебері (бокстан Мамутова Земфира және Құттыбеков Абзал, әйелдер күресінен Рысбекова Назерке)  9 спорт шеберіне үміткер, 42  1-ші санатты, 413 бұқаралық разрядты спортшылар дайындалған.

Сайрам ауданынан спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының негізі құрамында    2 спортшы (Сатоев Адилхан грек-рим күресі және Гафуров Сүюмбай футбол), жастар құрамасында 4 спортшы, жасөспірімдер құрамасында  6 спортшы, жалпы 12 спортшы бекітілген.

Спорт түрлері бойынша ұлттық құрама сапына енген  3 спортшыға ай сайын стипендия төленуде.


 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
20.08.2016-10:34:00
ЖАҢАРТЫЛҒАНЫ: 
15.09.2016-10:34:00