ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ


№ п/п

Интернет ресурсының тақырыбы

Мемлекеттік мекеменің интернет ресурсында жарияланған индикаторлардың сипаты

   
 

1.1

 

Ауданның ақпараттық анықтамасы

Инрақұрылым (байланыс, тұрғын үй құрылысы және ТҮКШ). Ағымдағы жағдайдың ақпараты, байланыс мәліметтері;

Байланыс

"Қазақтелеком" АҚ мәліметтеріне сәйкес, Сайрам ауданы бойынша автоматты телефон станциясының сыйымдылығы 70791 абонент құрайды. Бүгінгі күні, 17125 абоненті пайдалануда. Оның ішінде 15862 данасы жеке тұлғада және 1263 абоненті заңды тұлғаны құрайды. Сонымен қатар, барлық елді мекендер жаңа форматтағы цифрлық телебағдарламалармен және Қазақстандық ұялы байланыс операторлармен қамтамасыз етілген.

ТҮКШ

Сайрам ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы халқы тығыз орналасқан аудандардың қатарына енеді. Ауданда, 11 ауылдық округі мен 42 елді мекені тіркелген(214007 халық). Инфрақұрылымның ағымдағы жағдайы бойынша мәлімет:

Ауыз су саласы:

Сайрам ауданына қарасты 42 елді мекенінің ішінен 41 елді мекені орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған. Ал, 364 тұрғыны бар Құтарыс ауылдық округіне қарасты Қызылжар елді мекені құдық суымен қамтамасыз етілген. Бүгінгі күні, аталған елді мекенді орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Жобалау-сметалық құжаттары әзіргенгеннен кейн құрылыс жұымыстарына жергілікті немесе облыстық бюджет есебінен қаржы қарастырылатын болады. Құрылыс жұмыстары 2018-2019 жылдарға жоспарланған.

Қызмет көрсететін мекеме, байланыс мәліметтері:

"Сайрам тазалық" ЖШС, директор-М. Оразбаев

Тел.:8-72531-23-399, 8-72531-77-870

Электр энергия саласы:

Сайрам ауданында 1179 трансформатор мен 4176,406 шқ электр желілері жүргізілген. Оның ішінде, "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС-нің меншігінде 445 трансформатор мен 1877,307 шқ электр желілері, коммуналдық меншікте 56 трансформатор, ал қалғаны аудан тұрғындары мен кәсіпкерлердің меншігінде. Аудандағы электр желілері мен трансформаторлардың жағдайы -50% құрайды. "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС-нің бекітілген инвест бағдарламасына сәйкес, жыл сайын электр желілері мен трансформаторлары заманауи изоляциялық сымдар мен шкафтық трансформаторларына ауыстырылуда. Электр энергияның жазғы мезгілде тұтынуы-26-28 мВт/ сағ, ал қысқы мезгілде 32-33 мВт/сағ құрайды. Барлық елді мекендер электр қуатымен қамтамасыз етілген.

Қызмет көрсететін мекеме, байланыс мәліметтері:

"Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС- басшысы - С. Бөкенбаев

Тел.:8-72531-20-534, 8-72531-22-242

Табиғи газ саласы:

 Сайрам ауданында 42 елді мекеннің 19 елді мекені, яғни 45,2% табиғи газбен қамтамасыз етілген. Қалған елді мекендер қатты отын мен сұйытылған газды пайдалануда. Бектіліген газдандыру жоспарына сәйкес, ағымдағы жылы 5 елді мекен (Қайнарбұлақ а/о Қасымбек датқа, Шіркін, Құрлық, Ошақты, Әсіларық) табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады,  2018 жылы 7 елді мекен ( Арыс а/о Нұржанқорған, Қожақорған,  Көлкент а/о Қосбұлақ, Ханқорған, Жаңатұрмыс, Оразалиев және Теспе), 2019 жылы 6 елді мекен (Қайнарбұлақ а/о Тоған, Таскешу, Сарыарық және Көлкент а/о Колкент, Аксуабад, Шапырашты, ал 2020 жылы қалған 5 елді мекен (Құтарыс а/о Құтарыс, Ақарыс, Оймауыт, Қызылжар және Қарасу а/о Береке) толық табиғи газбен қамтамасыз етілуі жоспарлануда. Газ құбырларының ұзындығы- 1162,551 шқ құрайды, оның ішінде жоғарғы қысымды -98,082 шқ, орта қысымды-495,03 шқ және төменгі қысымды-569,439 шқ.

Қызмет көрсететін мекеме, байланыс мәліметтері:

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚОҚӨФ Сайрам газ шаруашылығы -директор - К. Жаппашов

Тел.:8-72531-20-065

 

 


 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
24.08.2016 - 10:50:02
ЖАҢАРТЫЛҒАНЫ: 
14.09.2017 - 17:59:10