"Болашақ" лагері



Аудан əкімі Бақтияр Мамаев пен орынбасары Мадияр Оразалиев Арыс ауылдық округіндегі "Болашақ" лагерінде болып, балалардың қуанышымен бөлісті. Аталған лагерде биыл 6 кезең бойынша 1800 бала демалатын болады. Əр кезең 300 балаға ыңғайластырылған. Айта кету керек, лагерге қабылданған 1300-ге жуық бала аз қамтылған отбасылардан шыққан, мүмкіндігі шектеулі жəне басқа əлеуметтік топтағы балалар. Лагерге сондай-ақ ақылы түрде де балалар қабылданады. Естеріңізге сала кетейік, "Болашақ" лагері 2001 жылдан бері бүлдіршіндерге қызмет көрсетіп келеді.


 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
25.06.2018-10:34:00