МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ



Аудан орталығындағы мəдениет үйінде 23 Маусым Мемлекеттік қызметші күні салтанатты түрде аталып өтілді. Аудан əкімі Бақтияр Мамаевəріптестерін кəсіби мерекелерімен құттықтап, аянбай халыққа адал қызмет етуге шақырды. Өз кезегінде əр салада адал қызметімен көзге көріне білген мемлекеттік қызметшілер аудан əкімінің алғыс хатымен, грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ, аудандық мəслихаттың хатшысы Жансерік Мұсаханұлы да бірқатар елге еңбегі сіңген мемлекеттік қызметшілерге сый-құрмет көрсетіп, құттықтауын жеткізді. Шара соңы ауданның өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламаға ұласты. Естеріңізге сала кетейік, аудандағы түрлі мемлекеттік мекемелерде бас-аяғы 300-ге тарта адам қызмет жасайды.


 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
25.06.2018-10:34:00