АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ

Сайрам ауданы бойынша жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 1167 шақырым. Оның ішінде, республикалық маңызы бар 22 шқ, облыстық маңызы бар 173 шқ, аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 88,2 шқ, елді мекен көшелері 884 шақырымды құрайды.

2016 жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге облыстық бюджеттен 2 нысанның құрылыс-жөндеу жұмыстарына 1 731 069,0 мың тенге бөлінген, оған 19,8 шақырым жолдың құрылыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда;  

- Облыстық маңызы бар КХ-97 «Ақсу-Қабылсай-Қайтпас-қала қоқыс орны» автомобиль жолының 0-7 шақырым (ПК 23+60; ПК71+67)  аралығын қайта құру бойынша автожолдың 2,3-7,1 шақырым (2уч) аралығына жалпы құны 1 614 369,2 мың теңгеге мердігер мекеме «ТЖС» ЖШС-і басқармамен 2015 жылы келісім-шарт түзіліп, 689 480,6 мың теңге толығымен игерілген.     Өтпелі нысанды аяқтау үшін ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 924 888,6 мың теңге бөлініп, қайта құру жұмыстары атқарылуда.

- Облыстық маңызы бар КХ-41 «Қарасу-Қызылту-Сайрам» автомобиль жолының 0-15 шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджет есебінен 116 700,0 мың теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстарын басталды.

Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен 26 көшеге (19,5 шқ) орташа жөндеуге 267 104,0 мың теңге қаралып толығымен игерілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ауыл округтеріндегі 6 көшені (5,9 шқ) орташа жөндеу жұмыстарына 66,9 млн.теңге қаржы жоспарланып толығымен игерілді. Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқару бойынша 36 026,0 мың теңге қаржы қаралып 2 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілді.

Бүгінгі күнде, көлік қарқындылығы көп болуына байланысты, жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында бейне бақылау орнатуға аудандық бюджет есебінен 36 134,0 мың теңге қаржы қарастырылып, 6 елді мекенге (13 дана) орнату үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Аудан орталығы Ақсукент ауылындағы аудандық маңызы бар КХSR-16 "Ақсу-қала қоқыс орны аудандық аурухана-темір жол вокзалы КХ-36" автомобиль жолының 3,3 шқ (Төлеби, Қыстаубаев) көшелерін күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттарын мердігер мекеме "Улмад" ЖШС-і әзірлеуде.

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
24.08.2016 - 10:59:32
ЖАҢАРТЫЛҒАНЫ: 
29.08.2016 - 12:08:08