МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту саласы бойынша атқаратын жұмысы, мақсаты және алдағы жоспарлары

Бөлімнің тілдерді дамыту саласы бойынша басты мақсаты:

  1. «Тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру;
  2. Елбасының «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын кеңінен насихаттай отырып, осы бағытта түрлі іс-шаралар өткізу;
  3. Ономастика мәселелері бойынша аудан әкіміне, облыстық тілдерді дамыту басқармасына ономастика комиссияларына қызметтік хаттар, хабарламалар, есептер, мәліметтер дайындау;
  4. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілдің ендірілуін, іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуін үйлестіру жұмыстарын жүзеге асыру;
  5. Аудандағы мемлекеттік тілдің ахуалына талдау-сараптау жасау;
  6. Көрнекі ақпарат мәтіндерінің тиісті заңнамалардың талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
  7. Ауданда мемлекеттік тілде жүргізілетін іс қағаздарының сапасына талдау жасай отырып, әдістемелік көмектер көрсету.

Осы бағытта бөлім тұрақты жұмыстарды атқарып келеді. Жылына тілдерді дамыту мақсатында жоспарлы, жоспардан тыс 20-ға жуық іс-шара өткізіліп, жеңімпаздары республикалық, облыстық іс-шараларға қатстырылады. Мәселен, республикалық  «Мемлекеттік тілді білу - парызың», «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқауларда Сайрам ауданының атынан қатысқан үміткерлер жыл сайын кем дегенде 2-3 оқу гранттарын жеңіп келген.

Ал, тілдерді дамыту мақсатындағы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру, индикаторлық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында 2013 жылы бөлімнің жанынан 2013 жылы «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» құрылды. Орталық барлық мекеме қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен еріктілерге  үш тілде тегін білім береді. Бүгінде орталықта тіл үйренуге деген сұраныс артып отыр.

Ономастика саласында да  бірқатар жетістіктер бар. Атап айтқанда, осы күнге дейін бұл сала бойынша ауданымыздағы елуге жуық округтер мен елді мекен атаулары (бұрынғы ауылдармен қосқанда) өзгертілген.Яғни,  көп жағдайда, бұл сала бойынша  атаулары  ескі немесе жаңадан бой түзеген ауыл, көшелерге тарихи, жер-су атауларын  беру көзделеді.

Сыртқы (көрнекі), маңдайша, жарнама жазуларын «Тіл туралы» заңға сәйкестендіру мақсатында да бөлім түсіндіру, әідстемелік көмек беру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Қазіргі таңда осы бағытта ішкі істер басқармасы қызметкерлерімен қоса, барлық жауапты мекемелер мен ауылдық округ әкімдіктерімен бірлесе отырып, мобильді топ құру жоспарлануда. Алдағы уақытта, бұл жұмыс нәтижесін береді деген сенім бар.

Сайрам ауданы мәдениет саласы бойынша мәлімет

Мәдениет саласында 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйлері мен 7 ауылдық клуб бар. Сонымен қатар,1 аудандық орталық кітапхана, 1 аудандық балалар кітапханасы және 17 ауылдық кітапхана, жалпы 30 мәдениет ошағы халыққа мәдени қызмет көрсетеді. 4 мәдениет мәдениет ошағы жөндеуден өтіп, жылыту жүйелері газдандырылған. Барлық ауылдық мәдени ошақтары әсіресе кітапханалар заманауи талаптарға сай, компьютерлермен қамтамасыз етіліп, интернет желісіне қосылған. 2013 жылы мәдениет бөлімінің жанынан 3 тілді оқытатын  оқыту орталығы ашылған. Ауданда 2 халықтық атағы бар ұжым және 64 көркемөнерпаздар ұжымдары мен үйірмелер жұмыс жасайды. Олар, аудандық Қазақ халық театры мен «Гунча» өзбек халық ансамблі және ұлттық аспаптар оркестрі, үрмелі аспаптар оркестрі, эстрадалық  ансамблдер және Жастар театры мен Қуыршақ театрлары. Аудан бойынша 7 ұлттық  этномәдени орталықтар бар ( өзбек, түрік, славян, неміс, күрді, кәріс, татар- башқұр). Жыл сайын этномәдени орталықтардың өнерпаздары барлық мерекелерге қатысып, дәстүрлі түрде «Сайрам-достық арнасы» атты концерты  ұйымдастырылады. Мәдениет бөлімінің қолдауымен «Көркем» әжелер ансамлі құрылып, республикалық дәрежеде өнер көрсетуде. Жыл басынан 212 мәдени іс шара ұйымдастырылып, оған 10,8мың ға жуық адам қамтылды. Аудан өнерпаздары аудандық, облыстық, республикалық  іс- шаралар мен өнер байқауларына қатысып жүлделі орындарға ие болуда. Алдағы уақытта календарлы мәдени іс- шараларды жоғары деңгейде өткізу жоспарлануда. Атап айтқанда; ҚР Конституциясы күні, ҚР Тұңғыш Президенті күні және ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына арналған салтанатты іс- шаралар.

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
24.08.2016 - 11:00:20
ЖАҢАРТЫЛҒАНЫ: 
25.08.2016 - 09:34:13