Жібек жолыда 31.05.2018 жылы жергілікті қоғамдастық жиыны өтеді



              «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының  39-3 бабының 6 тармағына және «Сайрам ауданы мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Сайрам ауданында бөлек жергілікті қоғамдық қауымдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы» №40-262/V шешіміне сәйкес, аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын аудандық коммуналдық мүліктерді жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлік деңгейіне қабылданатын мүліктер тізбесін нақтылау, 2018-2020 жылдарға арналған Жібек жолы ауылдық округі бюджетінің шығыс жоспарына өзгерістер енгізу және басқа да мәселелерді қарау үшін  Жібек жолы ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында 2018 жылдың 31 мамырында сағат 11.00-де жергілікті қоғамдастық жиыны өтеді.


 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
30.05.2018-10:34:00